Ақтаудағы жекпе-жекте қайтыс болған 17 жастағы бала ораза ұстаған

1170 просмотров
0
Ратель
Среда, 03 Апр 2024, 13:00

Марқұм кикбоксингтен әлем чемпионы болған

Ақтауда NOMAD ММА бойынша өткен ел чемпионатында аса ауыр салмақта сынға түскен Қанат АХУНОВТЫҢ өлімінен кейін жеке бапкері Элвин АГАЕВ “Бірінші болға” сұхбат беріпті. Ол марқұмды соңғы үш айдан бері жаттықтырып келген.

17 жастағы Қанат Ахунов Ақтаудағы политехникалық колледждің үшінші курсында оқыған. 31 наурызда Ақтауда өткен облыс чемпионатында ол ауыр соққы алып, артынша қайтыс болды.

- Кеше трагедиялық жағдай болды. Бұл қасіретті ешкімнің басына тілемеймін. Мұндай жағдайды бастан кешу мен үшін өте ауыр. Марқұм спортшы менің қол астымда 3 ай бойы жаттықты. Осыған дейін ол бірде-бір рет денсаулығына шағым айтқан жоқ. Жаттығуға келмей қалған кездерінде смс жазып, ескертіп жүрді. Ол жасөспірімдер арасында кикбокстан әлем және Азия чемпионы болған, - деді Элвин Агаев.

Элвин Агаев. Фото: 1bol.kz.
Читайте также
Ауызашар беру концертке айналып бара жатыр - Нұрлан имам

Оның айтуынша, жарыстан 2-3 апта бұрын жарысқа шақырту келіп отырады. Бұл ретте бапкер шәкірттерінің арасынан балаларды таңдап апарып, қатыстыратынын жеткізді.

- Қайтыс болған Қанат аса ауыр салмақта өнер көрсетті. Әлем чемпионатына қатысқанда ол бұдан жеңіл салмақта өнер көрсеткен. Кейін бір жылдай үзіліс жасап, қайтадан спортқа оралды. Ата-анасымен таныс емеспін. Жарысқа қатысатындардың тізімін жасағанда ол да бұл чемпионатқа қатысқысы келетінін айтты. Оның ауыр салмақта сынға түсе алатыны анық көрініп тұрды. Салмағы да жеткілікті, қол-аяғы күшті еді. Бірінші жекпе-жекте уақытынан бұрын жеңіске жетті. 20 секундтқа жетпей қарсыласынан басым түсті. Екінші жекпе-жекпе шығып, өз мүмкіндігін көрсетіп жатты. Алайда, кездесудің ортасына жеткенде қарасам бұрынғыдай болмады. Үзілісте бапкер ретінде әрі секундант болып тұрып аузынан капасын алдым. "Өзіңді қалай сезініп тұрсың?" дегенімде: "бәрі жақсы, жалғастырамын" деді. Терең тыныс алып көрді. Су бүркідім. Осылайша ол қайта айқасқа шықты. Шамамен 30 секунд өткенде ол құлады. Бейнежазбада оның барлығы көрініп тұрды. Шәкіртім соққы тигенше құлап бара жатты. Қанат ол соққыдан құламайтын еді, - деді бапкері.

Белгілі болғандай, марқұм Рамазан айында ауыз бекітіп, ораза ұстап жүрген екен. Мұны бапкері білмедім деп отыр.

- Ата-анасы, өзге де жақындары маған келіп ол туралы айтқан жоқ. Ол жанып тұрған жас бала болатын. Спортпен өмір сүретіні көрініп тұратын. Өте тәжірибелі еді. Кейбір ата-аналар баласының шамасын біліп, алдын ала ескертіп, артық салмақ салмауды сұрайтын. Ал Қанатта ондай болмады. Денсаулығы бәрі жақсы еді. Тіпті ораза ұстаған екен. Мен оны білгенім жоқ. Егер білсем оны жарыстан тыс қалдырар едім, - деді бапкері.

Читайте также
Герб өзгерген соң Қазақстанда теңге ауысуы мүмкін

Жекпе-жекте марқұм спортшының қарсыласымен салмағы сәйкес келген. Сондай-ақ, дәрігерлер де денсаулығына қатысты анықтама бергенде ешқандай кінәрат таппаған.

- Оның денсаулығы жарамды екені туралы анықтама өздері барып клиникадан алады. Бізде мұндай мәселе болмады. Кеше қайғылы оқиғадан кейін бізді жинады. Оқиға туралы болған жайтты айтып бердік. Ата-анасына бүгін барып көңіл айтамын. Құлаған сәтте дәрігер шұғыл көмек көрсетті. Жедел жәрдем қызметі 10-15 минутта келді. Сосын жансақтау бөліміне әкетті. Барлық мүмкіндікті жасаған екен, - дейді бапкер.

Элвин Агаев шәкірті айқас кезінде құлағанда төреші бірден капа мен шлемін шешкенін айтты. Өзі де де кілемге жүгіріп шыққан.

- Тілін жұтып қойды ма деп ойлап, аузына қарадым. Бәрі орнында болды. Залдағы ел оны нокаутқа түсті деп ойлады. Қарсыласы да қуанып жатты. Бірақ ол соққыға дейін құлап бара жатқан еді. Осыдан кейін чемпионат тоқтатылды, - деді ол.

Кейін дәрігерлер өлімнің себебін жүректің тоқтауымен түсіндірген. Ал жас спортшы жарыс алдында өзін өте жақсы сезініпті.

- Қанат екінші қарсыласын жақсы танитынын айтты. Араласамыз дегені есімде. Бірінші раундта жақсы өткізіп, екіншісінде сыр берді. Бұл оның 3 ай ішінде менің қол астымда жаттығып қатысқан алғашқы жарысы еді. Жаттығу кезінде өзін үнемі жақсы жағынан көрсетіп жүрді, - деді Элвин Агаев.

Фото: Pixabay.com.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Петр Своик: «Мы не опаздываем, но пора действовать»
Эксперт о реформе Токаева, ошибках прошлого и о строительстве новой политической системы
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Теперь Минфин знает, кто чем торгует и сколько зарабатывает
Казахстан завершает цифровизацию госфинансов
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Казахстан на переезде: мегаполисы растут, регионы пустеют
Миграция стала зеркалом экономических и социальных перемен
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента