ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар оқиғасына қатысып, бірнеше қылмыс жасаған ер адамға сот үкімі шықты
Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздікке қатысып, адам тонаған Өскемен тұрғыны 5 жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар оқиғасына қатысып, бірнеше қылмыс жасаған ер адамға сот үкімі шықты.
Белгілі болғандай, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан айыпталушы адам тонаған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері ұстаған кезде одан атыс қаруы табылды. Осыған байланысты сот ісі Өскемен қалалық сотында қаралған.
"Сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздікке қатысу), 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Адамға қауіпті емес күш қолданамын деп қорқытып жасалған тонау), 287-бабы 1-бөлігі (Атыс қаруын, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау және алып жүру) бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне байланысты сот ер адамды 5 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - делінген ақпаратта.