Сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жету үшін үміткерлер 50 пайыздан астам дауыс жинауы тиіс еді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады, деп ҚазАқпарат хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіе сілтеме жасап.
"Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді" деп Президенттің Twitter-дегі құттықтауында жазылған.
Айта кетейік, бұған дейін Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған жеңіске жеткен. Сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жету үшін үміткерлер 50 пайыздан астам дауыс жинауы тиіс еді.
Фото: akorda.kz