Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылар Жаңаөзенге қайтты

1195 просмотров
0
Ратель
Среда, 12 Апр 2023, 11:30

Мұнайшылар да Астананың теміржол вокзалынан видеоүндеу жасап, өздерінің дін-аман екендіктерін айтты және қолдау білдірген жерлестеріне ризашылығын білдірді

"БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері қамаудан босатылып, пойызбен Жаңаөзен қаласына кетті. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Үйде хирургиялық көмек көрсету: жаңа стандарт енгізілді

"ҚМГ байланыс тобы мен "БерӘлі Маңғыстау Company" өкілдері арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы келісімге келді.

Ол комиссия "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің талаптарын заң аясында шешу үшін қарастыратын болады. Комиссия құрамына "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің 10 адамы кіреді.

Құқық қорғау органдары ұстаған қалған мұнайшылар босатылып, Астана уақыты бойынша 8:57-де пойызбен Жаңаөзен қаласына кетті", - деп атап өтті компаниядан.

Мұнайшылар да Астананың теміржол вокзалынан видеоүндеу жасап, өздерінің дін-аман екендіктерін айтты және қолдау білдірген жерлестеріне ризашылығын білдірді.

Еске сала кетейік, 10 сәуірде Энергетика министрлігі ғимаратының алдына 70-ке жуық жаңаөзендік жиналды.

Энергетика министрі Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ведомство ғимаратының маңайында түнеп шыққан жаңаөзендік жұмысшылардың талабы бойынша ресми шешім әзірленіп жатқанын айтты.

Бұл мәселеге пікір білдірген вице-премьер Алтай КӨЛГІНОВ заң аясында әрекет ету қажеттігін, "тендерден ұтылған компанияның қайтадан ұтып шыққанын талап ету" дұрыс еместігін айтты.

Кеше кешкісін Энергетика министрлігі алдына жиналған бір топ жаңаөзендік мұнайшыларды полиция ұстап әкетті.

Кейін наразылыққа шыққан мұнайшылардың көшбасшылары мәлімдеме жасап, екі жақ келісімге келгенін хабарлады.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ та түнде видеоүндеу жариялап, халықты сабырлыққа шақырды.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Бензиновая афера на 37 миллиардов, новые правила для должников и тревожный сигнал из ООН
Главное за неделю: Раскрытие масштабной схемы контрабанды топлива, изменения в работе нотариусов, развитие Алатау и другие главные события недели
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай