Арнайы экономикалық аймақтар институты тиісті деңгейде дамымай отыр – Үкімет басшысы

1086 просмотров
0
Ратель
Вторник, 05 Мар 2024, 13:00

Ал, озық елдердің көпшілігі арнайы экономикалық аймақтарды инвестиция тартудың тиімді құралына айналдырған

Арнайы экономикалық аймақтар институты әлі күнге дейін тиісті деңгейде дамымай отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Олжас БЕКТЕНОВ айтты.

Читайте также
Ішкі істер министрлігінде киберқылмысқа қарсы жеке құрылым болуы мүмкін

"Жаһандық бәсекелестік жағдайында мемлекеттік қолдау шаралары инвестиция тартудың маңызды факторы саналады. Біз инвестицияларды жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығаруға, технологиялар трансфертіне және өндірістерді локализациялауға белсенді түрде бағыттауымыз керек. Бүгінде инвесторларға салықтық жеңілдіктер, кедендік баждардан босату, заттай гранттар беру, кепілдендірілген тапсырысты қамтамасыз ету және тағы басқа да түрлі преференциялар беріліп отыр. Дегенмен, қолдау құралдарын тиімді пайдалану және олардың сапасы бойынша сұрақтар бар", - деді Үкімет басшысы.

Мәселен, оның атап өтуінше, арнайы экономикалық аймақтар институты әлі күнге дейін тиісті деңгейде дамымай отыр. Ал, озық елдердің көпшілігі арнайы экономикалық аймақтарды инвестиция тартудың тиімді құралына айналдырған. 

"Дүниежүзілік банктің деректеріне сүйенсек, тартымдылығы жағынан салық және кедендік жеңілдіктер тек үшінші және төртінші орындарда тұр. Ал, бірінші позицияда қолайлы әкімшілендіру және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету құралдары орналасқан. Біздің Арнайы экономикалық аймақтарды реформалау әрекетіміз олардың тиімділігін арттыра алмай келеді. Сондай-ақ біз басқарушы компанияларды қамтамасыз етуге қомақты бюджет қаражатын жұмсап отырмыз. Бірақ олардың тарапынан инвестиция түрінде тиісті қайтарым жоқ", - деді Олжас Бектенов.

Фото: primeminister.kz

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В области Абай прошла акция Эко культура: Выбирай шоппер