Шекарадағы азаматтар, олардың көпшілігі балалар ақша, тамақ және сусын жоқтығына шағымданып ел билігіне бейнеүндеу жолдады
Өзбекстанда төтенше жағдай режиміне байланысты Қарақалпақстаннан шыға алмаған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды.
"Қарақалпақстанда жүрген Қазақстан азаматтарына көмек көрсету мәселелерін шешу бойынша жедел штаб ұйымдастырылғанын хабарлаймыз", - делінген Өзбекстан ІІМ хабарламасында.
Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандықтар көмек алу үшін мына телефон нөмірі бойынша хабарласа алады: +9989 61 224 82 06, +99899 385 86 44.
Телефондар аптасына 7 күн 24 сағат жұмыс істейді. Сондай-ақ, тікелей штабқа жүгінуге болады: Нүкіс, Пушкин көшесі, 22а.
Қарақалпақстандағы толқулардан кейін 2 шілдеде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы Даут-ата – Тәжен өткізу пункті жабылды. 4 шілдеде үш күн шекарада болған 50-ге жуық қазақстандыққа үйлеріне орала алмайтыны хабарланды. Шекарадағы азаматтар, олардың көпшілігі балалар ақша, тамақ және сусын жоқтығына шағымданып ел билігіне бейнеүндеу жолдады.
Фото: Газета uz.