Алматыда прокурорлар есірткі жарнамалаған телеграм-арналарды бұғаттады

1338 просмотров
0
Ратель
Четверг, 24 Окт 2024, 12:00

Тексеру барысында қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар "закладчик" жұмысы ұсынылғаны анықталды

Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылатын 16 телеграм-арнаны бұғаттады, деп хабарлайды Казинформ.

Читайте также
Тендердегі былығы үшін ШҚО шенеуніктеріне айыппұл салынды

Қалалық прокуратураның мәліметінше, тексеру барысында қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар "закладчик" жұмысы ұсынылғаны анықталды. Нәтижесінде сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды.

Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (есірткіқұралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау), одан әрітергеу үшін полицияға жолдады.

"Алматы қаласының прокуратурасы жедел бұғаттау үшін азаматтарды ұқсас интернет-ресурстар анықталған жағдайлар туралы хабарлауға шақырады", - делінген хабарламада.

Фото: freepik.com.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.