Сайыс 25 маусым (жексенбі) күні өтеді. Сағат 9:00-де бастап нөмірлер таратыла бастайды, сағат 10:00-де жүгіру сайысы басталады
Алматыда 25 маусым күні қала тұрғындары мен қонақтары арасында Медеудегі "денсаулық сатысына" жүгіріп шығудан сайыс өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық спорт басқармасының мәліметінше, іс-шараға түрлі жастағы, дайындығы бар қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.
"Әр жастағы азаматтар үшін әртүрлі деңгей, 100, 200, 500 сатылы және толық 842 сатылы қашықтық қарастырылған. Финалистер мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан медаль, диплом, естелік сыйлықтармен марапатталатын болады", - делінген ведомство хабарламасында.
Жүгіру сайысына қатысу үшін sportevents.kz/ сайтына тіркелу керек.
Сайыс 25 маусым (жексенбі) күні өтеді. Сағат 9:00-де бастап нөмірлер таратыла бастайды, сағат 10:00-де жүгіру сайысы басталады.
Фото: sportevents.kz.