Сотқа дейінгі тергеу басталды
Полиция Алматы көшелерінде екі рет оқ атқан ер адамды ұстады.
"Сағат 22.00 шамасында 102 пультіне ер адам екі рет оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады", - деп хабарлады Алматы полициясы.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам отбасындағы жанжалға байланысты осындай қадамға барған, деп хабарлады полиция.
Бұған дейін кейбір Телеграм-каналдар ол бұрынғы әйелімен жанжалдан кейін қолына қару алғанын жазған болатын.