Жағдай бақылауда, бейнебақылау камералары арқылы қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары оқиға бағытталған
Алматыдағы "барахолка" базарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық nөтенше жағдайлар департаметінің мәліметінше, 11 қараша күні сағат 10:56 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Солтүстік айналма тасжолы, 7 мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан.
"Көлік кептелісіне қарамастан өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа орағанын анықтады. Дереу өртті сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бақылауда, бейнебақылау камералары арқылы қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары оқиға бағытталған",- деп хабарлады ведомствадан.
Ең жақын өрт гидранттары 25 метр қашықтықта орналасқан, су үздіксіз жеткізіліп жатыр.