Алматы облысында ҰБТ кезінде ереже бұзған 47 түлек тестілеуден шығарылды

1523 просмотров
0
Ратель
Четверг, 25 Июн 2020, 10:50

Маусым айында тестілеуге кіргізілмеген, немесе ҰБТ нәтижелері жойылған болса түлек қаңтар айында екінші мәрте сынақтан өте алады

Биыл Алматы облысында 15 526 адам мектепті аяқтаса, соның ішінде 11 589 түлек ҰБТ тапсыруға өтінім берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Облыста ҰБТ өткізетін 16 пункт жұмыс істейді. Жаһанды жайлаған коронавирус инфекциясына байланысты ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық нормаларға сәйкес барлық сынақтан өтушілер залалсыздандырудың 5 кезеңінен өтеді.

Читайте также
Елордада демалыс күндеріндегі карантин қайталануы мүмкін

"Білім сынағын тәуелсіз сарапшылар қадағалайды. Оның құрамында арнайы мониторинг тобының мүшелері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар", - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл ОМАРОВА.

ҰБТ өткізілген үш күнде 4093 оқушы тестке қатысуға өтініш берген. Оның 98-і тестен өтуден бас тартса, 15-і сырқаттанып қалған.

Үш күннің ішінде сынақ тапсырушылардың 47-сі ереже бұзған. Осылайша олар тестен шеттетілген. Соңғы үш күннің ішінде 3933 оқушы білім сынағынан өткен.

Маусым айында тестілеуге кіргізілмеген, немесе ҰБТ нәтижелері жойылған болса түлек қаңтар айында екінші мәрте сынақтан өте алады.

Шекті балл жинаған жағдайда түлек ЖОО-на ақылы негізде оқуға түсе алады.

Фото: gov.kz.

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Законопроект о частной детективной деятельности в РК: почему эксперты уже считают его неработающим
Игорь Чернов о законопроекте: Запрет на слежку, отсутствие доступа к данным и ограничения на расследования
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд