Аланиядағы жол апаты: Екі қазақстандық туриске ота жасалды

1296 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 31 Июл 2023, 13:30

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін ҚР консулы Аланияға барған еді

Түркияның Алания аумағында болған жол апатынан екі қазақстандық жарақат алды, оларға ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Читайте также
Енді 4 ЖОО ректорын Үкімет тағайындайтын болады

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін ҚР консулы Аланияға барған еді.

"30 шілде күні таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматы мінген шағын автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады. Түрік полициясынан алынған алдын-ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып жүк көлігін соққан. Соқтығысу салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді", - делінген министрлік хабарламасында.

Жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайын білу үшін қазақстандық консул дереу Аланияға аттанып, ондағы медицина мекемелерінде ем алып жатқан отандастармен кездесті.

"Микроавтобуста болған 12 қазақстандықтың екеуі ауырлығы орташа жарақат алған. Оларға ота жасалып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қалған 10 отандастың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне еш қауіп жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар. Анталиядағы қазақстандық дипломаттар біздің азаматтармен тұрақты байланыста және тиісті жұмыс жүргізуде", - дейді Сыртқы істер министрлігі.

Еске салайық, түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық туристерді тасымалдаған микроавтобус Аланиядағы Okurcalar Mahallesi D-400 трассасында жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан көлік жүргізуші мен гид (Украина азматы) оқиға орнында көз жұмды.

Апат орнына полиция мен медицина бригадалары дереу жіберілген. Көлікте болған 12 туристің алтауы ауыр жарақатпен жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

Фото: видеодан алынған кадр haberler.com/antalya/.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Землетрясение у Флореса: 38 погибших, цунами и 235 повторных толчков
Восемь лет с отсрочкой и запрет на журналистику - прокурор запросил наказание для Гульнары Бажкеновой
Гособвинение потребовало признать главного редактора Orda.kz виновной по всем статьям, но отсрочить исполнения наказания на два года
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай