Қалай кофехана ашуға болады: Q-Cafe мысалын көріңіз

1839 просмотров
0
Ратель
Четверг, 14 Ноя 2024, 10:00

Q-Cafe франшизасы: Qazaq Oil экожүйесіне кірудің жолы

Дайын схема бойынша бизнес ашу, уақыт сынағынан өткен жүйемен жұмыс істеп, қателіктер мен шығындарды азайтуды бүгінде түрлі франчайзерлер ұсынады. Бұл тартымды ұсыныс болғанымен, көкейде сұрақтар қалады: қанша тұрады және салынған ақшаң қашан ақталады?

Осыны Qazaq Oil-дың Q-Cafe франшизасын мысалға ала отырып қарастырайық ендеше.

Q-Cafe деген не?

Q-Cafe деген – Qazaq Oil жанармай құю станцияларында тұратын еліміздегі ең ірі кофеханалар желісі. Бұл – фастфуд пен ыстық сусындар ұсынатын жайлы гастрозоналар. Онда кез келген келуші сапалы тамақ пен хош иісті кофенің дәмін тата алады. Қалада болсын, айдаладағы алыс жолдың бойында болсын – сапасы бірдей. Бір айда бүкіл Қазақстан бойынша жарты миллионнан астам шыны кофе мен екі жүз мың хот-дог сатылады. Қалған тәтті тағамдарды айтпағанда. Былтыр Q-Cafe бренді жанармай құю станцияларының аясынан асып, "сыртқа" шығып кетті – Астанада кофехана мен бистро форматындағы екі жеке орын ашылып, сәтті жұмыс істеп кетті.

Q-Cafe франшизасы не береді?

Бренд пен беделдің қызығын көру. Q-Cafe брендінің аясында жұмыс істеу мүмкіндігі. Бұл бренд өзін нарықта танытып үлгерген және тұрақты клиенттерді тартады.

Барлық кезеңдегі қолдау. Компания тарапынан толық қолдау көрсетіледі. Коммерциялық нысанға алғашқы аудит жүргізу, қажетті жабдықтар мен шығыс материалдарының тізімін жасау қамтамасыз етіледі.

Персоналды оқыту. Өндірістік персонал үшін өнімдерді қабылдау, сақтау, дайындау және сату процестеріне арналған бастапқы нұсқаулық беріледі. Қызмет көрсету стандарттары мен өнімдердің ерекшеліктері бойынша тұрақты тренингтер өткізіледі.

Сенімді жеткізушілер. Франчайзилер Qazaq Oil желісімен жұмыс істеп жатқан жеткізушілерден коммерциялық ұсыныстар алады.

Маркетингтік қолдау. Маркетингтік акциялар, жарнамалық материалдар және кофехананы таныту бойынша ұсыныстар беріледі.

Дизайн және безендіру стандарттары. Кофехананың іші-сырты Q-Cafe брендбугіне сай болуы керек. Бұл барлық желі нүктелерінде бірыңғай стиль мен сапаны қамтамасыз етеді.

Операциялық процестерді оңтайландыру. Серіктестер бизнес жүргізудің тиімді әдістері мен стандарттарын алады, бұл тәуекелдерді азайтып, бизнестің табысын арттырады.

Орын таңдауға көмектесу. Кофехана үшін орын таңдауда серіктестерге көмек көрсетіледі.

Логистика жағын реттеу. Qazaq Oil желісі кең таралғандықтан, серіктестер оңтайлы логистикаға және операциялық мәселелерге бас қатырмаса болады.

Сенімділік бағдарламасы. Клиент кофеханадан бургер немесе хот-дог сатып алып, ұпай жинайды, оны кез келген Qazaq Oil жанармай құю станциясында пайдалана алады. Және керісінше – жанармай сатып алса, жинаған ұпайын кофеге жұмсай алады.

Франшиза қанша тұрады және ол өзін қашан ақтайды?

Инвестиция сомасы Q-Cafe форматына байланысты. Барлығы бес формат бар:

Кофемодуль

2 шаршы метрден бастап.

Айлық табыс: 700 мың теңгеден жоғары.

Өтелу мерзімі: 10 ай.

Алаңқай

12 шаршы метрден бастап.

Айлық табыс: 5 млн теңгеден жоғары.

Өтелу мерзімі: 13 ай.

Павильон

20 шаршы метрден бастап.

Айлық табыс: 6,5 млн теңгеден жоғары.

Өтелу мерзімі: 15 ай.

Кофехана

50 шаршы метрден бастап.

Айлық табыс: 8,5 млн теңгеден жоғары.

Өтелу мерзімі: 20 ай.

Бистро

60 шаршы метрден бастап.

Айлық табыс: 12 млн теңгеден жоғары.

Өтелу мерзімі: 20 ай.

***

Q-Cafe франшизасын сатып ала отырып, кәсіпкер экожүйенің бір бөлігіне айналады. Бұл заманда Qazaq Oil жанармай құю станциялары халық үшін тек мұнай өнімдерін сатып алатын орын ғана емес, жұрт жиналатын жерге айналып барады. Qazaq Oil – еліміздің түкпір-түкпіріне сапалы жанармай жеткізетін, клиенттерге жайлы да жоғары деңгейлі қызмет ұсынатын ауқымды желі ғана емес, сондай-ақ жұмыс орындарын құруға және шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ететін тамаша ұйымдастырылған бизнес.

Үш жыл бұрын Qazaq Oil тағы бір франчайзинг бағдарламасын – DODO (Dealer Owned – Dealer Operated) іске қосты. Бүгінде Қазақстанда бұл бағдарлама аясында 24 серіктес жанармай құю станциясы табысты жұмыс істеуде, тағы 21 нысанның құрылысы аяқталып келеді. Жыл сайын бұл көрсеткіш тек арта бермек.

- Біздің Qazaq Oil компаниясымен ынтымақтастығымыз үш жыл бұрын Түркістан облысында жанармай құю станциясын ашудан басталды. Бүгінде біз салынған инвестицияларды қайтарып, жаңа орынға қаржы құйдық – былтыр қараша айында Шымкент қаласында қызметтердің толық спектрі бар үлкен автожанармай кешені ашылды. Қазір біз тәулігіне 15-20 текше метр жанармай сатамыз. Көлемдеріміз әлі де арта береді, себебі біздің ашылғанымызға небәрі бірнеше ай ғана болды, - дейді Qazaq Oil-дың Оңтүстік Қазақстан облысындағы серіктесі Жандос ОРАЗАЛИЕВ.

- Qazaq Oil сияқты ірі компанияның кәсіпкерлерге табыс табуға мүмкіндік беретініне қуаныштымын. Өз сегментіндегі көшбасшысымен жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл. Қазір менің басқа да бірнеше жанармай желілерімен серіктеспін, бірақ сатылым жағынан Qazaq Oil желісі бірінші орында. Біз тәулігіне 35-50 текше метр жанармай сатамыз, - деп өз тәжірибесімен бөлісті Qazaq Oil серіктесі Нұрлыбек ИСМАИЛОВ.

Qazaq Oil франшизалары орта және шағын бизнестің жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Qazaq Oil-мен жұмыс істейтін кәсіпкерлер франшизаның арқасында жаңа тәжірибе жинап, сенімді серіктестер табатынына және әрине, табыстарын арттыратынына сенімді. Өйткені, Qazaq Oil – бұл бүкіл қазақстандықтарға пайда әкелетін бизнестің үлгісі.

Фото: Qazaq Oil.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
Задержание бывшего главы внешней разведки Германии может быть связано с его контактами в Центральной Азии
Августа Ханнинга подозревают в получении секретных документов BND и передаче разведывательной информации иностранным спецслужбам
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Битва за Баб-эль-Мандеб, уличные протесты и досрочные выборы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Каждый пятый ребёнок в опрошенных семьях Ливана ложится спать голодным
UNICEF: война и многолетний экономический кризис лишают детей еды, лечения и образования
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай