Абай облысында мал ұрлығы өршіп тұр

1265 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 11 Ноя 2024, 14:00

Полицейлер барымташыларды ұстай алмай отыр

Абай облысында мал ұрлығы өршіп тұр. Жұрттың жайылымда жүрген төрт түлігі ізім-ғайым жоғалып жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Зар қаққан Суықбұлақ ауылының тұрғындары құзырлы органдарға өкпелі. Олардың айтуынша, табын сиыр, үйір жылқы жоғалса да, барымташыларды ұстай алмай отыр.

Жарма ауданын барымташылар басынды. Арқасын кеңге салған жұрт төрт түлігін емін-еркін өріске жіберуден қаймығып қалған. Тіпті аңдыған жау, бақташының көзі тайған сәтте үп дегізеді екен. Мәселен, бір ғана шаруа қожалығының өзінен бір жарым айда 25 бас ірі қара жоғалған.

Читайте также
Парақор әке мен оның шенеунік қызы оңбай опық жеді

Айдың-күннің аманында малынан айырылғандардың бірі – Нұржамал БАЙМАҒАНБЕТОВА. Қолды болған ірі қарасының шығыны шаш-етектен. Жалпы құны 12 миллион. Оның айтуынша, құнығып алған барымташылар тек пышаққа ілінетіндерін таңдап алады екен. 

- Шешім қабылдасын. Осының бәрін доғару керек. Өйткені біздің ауыл шаруашылығының жұмысы өте ауыр. Мал асырауымыз керек. Оған шөп жинауымыз керек, қыстан алып шығуымыз, төлдетуіміз керек. Оның бәрін істеп болғанда ұрлық басталады. Міне, үш рет жоғалттық, бірде-бірі табылмады. Ұрлықтың ашылуы – нөл, - дейді Нұржамал Баймағанбетова.

Суықбұлақ ауылында барымташылардан сан соққандардың қарасы қалың. Жайылымдағы үйір жылқы мен табын сиырдың ізім-ғайым жоғалып кетуі қалыпты жағдайға айналған. 

- Күндізтүні балам қарайды. Бір бастан жиналған 24 бас. Ішінде құлынды биелер, айғырымен бір үйір. Бәрін алып кеткен. Ұрлық көп. Өте көп. Мына Суықбұлақ, Терістаңбалы, шаруа қожалықтарынан ұрлық өте көп, - дейді Жұмагүл СҮЛЕЙМЕНОВА.

Ал полиция қызметкерлері Жарма ауданында мал ұрлығының өршіп тұрғанын мойындап отыр. Алайда олар қолындағы төрт-түлігінен көз жазған жұрттың өзін кінәлі санайды. 

Айдын КАБИТОВ, Абай облысы ПД аға жедел уәкілі:

- Жарма ауданы мал ұрлығы деңгейі жоғарғы аймақтардың бірі. Жыл басынан бері бұл ауданда 14 факті тіркелді. Оның үшеуі ашылды. Қалғаны бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Мал ұрлығының негізгі себептері – малды жайылымда қараусыз қалдыру. Бұл қылмыс жасауға қолайлы жағдай туғызады.

Тәртіп сақшылары Абай облысында, жыл басынан бері мал ұрлығымен 18 адам ұсталғанын жеткізді. 11 күдікті барымташылықты жолға қойған қылмыстық топтардың мүшелері екен. Ал  жоғалғанын жоқтаған ауыл жұрты, ұрыларға тосқауыл қойылмаса, сонында таяқ ұсатап қаламыз ба деп алаңдаулы.

Фото: © Ratel.kz / Айдын Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай