Абай облысы далаға дәретханаға салуға 32,5 млн теңге жұмсады

1752 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 22 Июл 2024, 18:00

Мемлекет қаржысына салғанына қарамастан, оған халық кіре алмайды

"Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар СМАҒҰЛОВ Абай облысындағы, Семейден Қарауыл ауылына дейінгі трасса бойындағы дала дәретханасының техникалық сипаттамаға сәйкестігін бағалап, өңірдің мемлекеттік ішкі аудит департаментінен жауап алды.

Облыстағы жаңа нысанға барып-қайтқан соң қоғам белсендісі алған әсерімен әлеуметтік желілерде бөлісті.

"Бұл дәретхана әлі күнге дейін жұмыс істемейді екен. Бірақ ол 2024 жылдың ақпан айында қабылданып, ақшасы толық төленген болатын. Семейдің қу шенеуніктері сатып алынған бұл нысанды (санитарлық-гигиеналық торап) автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарының ішіне тығып қойыпты. "Семей жолдары" ЖШС 1,5 жылда 2 миллиард теңгеден астам сомаға жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын орындап жатыр. Мемлекеттік ішкі аудит департаментінің жауабында дәретхана Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Асылбек НҰҒМАНОВТЫҢ актімен қабылданғаны, оның бір ай бұрын қызметінен кеткені айтылған. Сонымен қатар, Мемлекеттік ішкі аудит департаменті тауарлық сараптама жүргізу қажеттігін, бірақ оған ақша жоқ екенін айтты", - деп ол жазды.

Читайте также
"Қаптаған қытай" Сарыөзектегі тас жолдың быт-шытын шығарды

Айтпақшы, сол департаменттің деректеріне сәйкес, далада орнатылған модульге екі жылға кепілдігік берілген (оның жарты жылы өтті, дәретхана әлі жұмыс істемейді), онда сауда залы, ерлер дәретханасы, әйелдер дәретханасы, мүгедектерге арналған дәретхана, персонал бөлмесі және техникалық бөлме, электрлік (конвекторлық) жылыту қарастырылған.

Бағасына қарамастан, алтын жалатылған унитаздардар атымен жоқ. Сонша ақшаның қайда кеткенін тексеруге құлық жоқ. Қоғам белсендісі жазғандай, ішкі аудит департаментінің ақпаратына сәйкес, бұл нысан мен оған жұмсалған қаражатқа тауарлық сараптама жүргізу қажет, бірақ қаржыландырудың болмауына байланысты ол да жоқ. Сондықтан "құда да тыныш, құдағи да тыныш" демекші, тексермей-ақ қойсақ депті.

"Дәретханаға кіру үшін бірнеше рет қоңырау шалып, күзетшіні шақырдық, ол келіп, ашу үшін. Иә, жұмыс істемейтін дәретхананы екі күзетші кезекпен күзетеді. Жарық пен су әлі қосылмаған. Төбесі қазірдің өзінде құлап жатыр, жалпы материалдардың арзандығы және құрылыстың "атүсті" атқарылғаны көзге көрініп тұр. Унитаз емес, едендегі тесіктер тұр. Унитаз тек қозғалысы шектеулі азаматтар үшін ғана бар. Құжаттарда көрсетілгендей, жылыту жүйесі мен келушілер санын есептейтін интеллектуалды бейнебақылау жүйесін көрмедім", - деп қорытындылады өз сапарын Смағұлов.

Аймақтық мемлекеттік ішкі аудит департаменті осы фактіге назар аудару үшін жергілікті Антикорға хат жолдады.

Бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілерден әлі үн шықпай тұр.

Фото: Дидар Смағұловтың facebook-тегі парақшасынан.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
«Докажите, что ваш дом опасен»: почему пожарную безопасность многоэтажек перекладывают на самих жильцов
Адвокат Асқат Сулубек — о пожарах в жилых комплексах Казахстана, ответственности государственных органов и праве граждан на безопасность
Шынайы құрмет пен жасанды «көкірек»
Аз ғана билікке қолы жетсе, эмпатиядан жұрдай болып, «көкірегін» қағатын адамдардың психологиялық сыры
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Что происходит в Польше и почему там заговорили о госперевороте
Конфликт вокруг Конституционного трибунала привёл к ночным протестам, экстренному возвращению президента в Варшаву и требованию вотума недоверия правительству Дональда Туска
Казахстан между модернизацией и новым этапом развития
Политолог Равшан Назаров — о суверенитете, инфраструктурной модернизации, искусственном интеллекте и значении казахстанских реформ для Центральной Азии
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Токаев повышает ставки: великая перезагрузка власти и капитала в эпоху мирового раскола
Послание 2026 о новом этапе реформ, едином центре инвестиционной политики, цифровой экономике и новой цене казахстанского суверенитета
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай