19 көшені сапасыз жөндеген компания тағы да тендер алды

1533 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 07 Окт 2024, 14:00

14 жобаны бір-ақ мердігер ұтып алған, ол – “Қазақ жолы 2050” ЖШС

Биыл Жамбыл облысында жергілікті маңызы бар автожолдар мен елдімекен көшелерін жөндеуге 25,5 млрд теңге бөлінді, деп жазады ҚазАқпарат.

Читайте также
Референдумда жылтың етіп Нұрсұлтан Назарбаев шыға келді

- Бұл қаржыға 16,5 шақырым көше жолдары мен 1 көпірдің құрылысы, 3 шақырым жолды қайта жаңғырту және 671,0 шақырым жолдарды орта жөндеу жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде биыл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 99 пайызға, ал елдімекен көшелері бойынша 87 пайызға жеткізу көзделген, - дейді бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек МӘДІБЕК.

357 жобаның 252-сінде жөндеу жұмыстары аяқталған. 68 жобада жұмыстар жүргізілсе, 15 жобада конкурс рәсімдері жүргізілуде. Ал, 22 жобада жұмыстар әлі басталмаған. Мысалы, аудандық маңызы бар “Отар-Сұлутөр-Көктөбе” автожолының 0-16 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылдың мамырында басталғанымен, бүгінде 16 шақырымның тек 6,7 шақырымы, яғни, 42 пайызына ғана асфальт төселген. Аяқталмай қалу қаупі бар.

Сондай-ақ Мойынқұм ауданында 2023 жылдан өтпелі саналатын Көкжелек ауылына кіреберіс жолының 4,7 шақырымын орта жөндеу жұмыстары әлі күнге басталмаған. Бұл жобаға облыстық бюджеттен 70,2 млн теңге бөлінген болатын. Осы шаруаны қолға алған “DAUREN BUILD” ЖШС өткен жылы да облыста 19 жобаның жұмыстарын сапасыз атқарып, соңы үлкен дауға ұласқан еді. Енді тапсырыс беруші тарапынан сотқа талап-арыз жолданып, сот процесі басталды. Бұл жерде де жұмыстар аяқталмайды.

Меркі ауданында да қолға алынған 54 жобаның 16-сында жұмыстар басталмаған. Оның 15-і “Ауыл – Ел бесігі” жобасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс болған. Бір қызығы, 14 жобаны бір-ақ мердігер ұтып алған, ол – “Қазақ жолы 2050” ЖШС.

Бұл ретте Меркі ауданында 2022 жылы 20 көшеде, 2023 жылы 16 көшеде жол жөндеу жұмыстары аяқталмай қалғанын айта кеткен жөн. Яғни, өткен жылғы кемшіліктер биыл да сабақ болмаған. Жыл басынан Сапа орталығымен 228 жерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 962 сынама алынды. Нәтижесінде, 538 сынамада сәйкессіздіктер мен кемшіліктер анықталып, оларды жою бойынша шаралар қабылданды.

Фото: Алматы әкімдігі.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай