Тойланбаған 90 жас

3175 просмотров
0
Айнұр ТҰҢҒЫШБАЕВА
Суббота, 11 Апр 2020, 11:40

Немесе коронавирусқа қарғыс

Тоғыз шырақ жанып тұр. Үлкен үстел басында жалғыз отыр. Балаларының бәрін атын айтып шақырды, ешкім дыбыс білдірмейді. Таң атып қалыпты. Түсі екен. Шошып оянды. «Бішміллә, бішміллә» деді тілі күрмеліп. Кәлима да жаттамаған еді. Құранды болса да білмейді. Бұл кемпір тіпті бата да бере алмайды, «мен ұмытып қалғам ғой» деген сылтауын бүкіл ел жатқа біледі. Бірақ, бақуатты. Әлі күнге дейін қазанға салынар әр грамм етке дейін есептеп әлек. Кейде өзі де ас-ауқат дайындай береді.

Читайте также
Шымкентте жол бойына шығып кеткен бұқа бір адамды сүзді

Орынша, Балым, Ханым. Бұлар бір анадан туған үш қыз еді. Биыл сәуірдің 10 күні Орынша 90 жасқа толды. Ал, Балым мен Ханым...

Балым осыдан 30 жыл бұрын жаман аурудан дүние салды. Тура шешесінің тағдырын қайталады: ол да осы атыөшкір дертпен күресіп, дұшпанға тілемес азаппен көз жұмған еді. Ханым болса, қылшылдаған 40 жасында байының әңгір таяғынан қашам деп есік алдындағы арыққа шүйдесімен құлап тіл тартпай кетті.

Орынша ойға шомды. Бойжеткен кезінде бір түс көрген болатын. Ақ сақалды дәруіш қолына үш тал гүл ұстатқан-ды. Үшеуі үш түрлі. Бірінің сабағы қысқалау, екіншісінің тікенегі көптеу, ал үшіншісі ұзын, бірақ, түрі күлгіндеу болатын. Қарап отырса, сол үш тал гүл үш қыздың тағдырын бейнелеген екен. Балым қысқа ғұмыр кешті. Бақыты да тым қысқа болды. Құдай қосқан жарымен бар болғаны екі-ақ жыл отасты. Жолдасы өндірістік жарақаттан ажал құшты. Ханымның өмірі өксікпен өтті: аузы бөтелкеден босамайтын, қолы қатынды ұрудан жалықпайтын жұғымсыз біреудің тепкісінде болды. Тікенегі көп тағдыр иесі сол Ханым. Ал, Орынша сол түсіндегі күлгін гүлді тағдыр иесі. Шүкір, биыл қазақ торқалы деп дәріптейтін 90 жасқа келіп отыр. Бұл жас әке-шешесіне бұйырмаған. Бауырларына да бұйырмаған. Тіпті тумаларында да мұндай ұзақ жасаған кісі есінде емес. Былайша Орыншаны бақытты деуге болады. Ері жақсы қызметте болды. Несібесі көл-көсір еді. Тек төтеннен келген дерттен ерте көз жұмды. Бүгінде бес ұлы, келіндері, қызы, немере, шөбере, шөпшекке дейін бар. Бірақ, ол өзін бақытты санамайды. Иә-иә, «бақытты емеспін» дейді. Өміріне өкпелі. Келім-кетім кісіге мүсәпірмін деп айтудан жалыққан емес. Жұрт іштей ғана астапыралласын айтып, үлкен кісі болғандықтан көп сөзге бармай, «апа, кім жетісіп жүр дейсіз» деп қысқа қайырады. Оның бақытсыздығы мынада: бастық болған баласы жоқ, дәулеті тасыған келіні жоқ, шет ел оқыған немересі жоқ. Орынша үшін бақыт осындай болуы керек. Көрші Ризық кемпір бақытты деп есептейді. Оның ұлы полковник, немерелері шет елде оқыған, келіндері бақуатты жерден. Орынша үшін бет түзейтін мұнара осы Ризық кемпір. Миының мың қыртысына сіңген дүние сол. Жатса-тұрса, сол Ризықты әңгіме етеді. Сол үздіксіз әңгімеден келін біткен қолға тұрақтамады.

Читайте также
Кызылорда лидирует среди регионов по числу больных COVID-19

Қазір жалғыз қызының қолында отыр, отырып қана қоймай, ол байғұстың бағын да байлап отыр. Кезінде күйеуге шығам деп таныстырған жігіттің бәрін Орынша кемсітіп болды. Ақырында әлгі ынжық қызы өмірінің күзі таянғанын сезіп, бір батылдығы ұстап, күндердің күнінде етегіне бала салып әкелді. Қазір ол да зіңгіттей жігіт болды. Балалары, келіндері, немерелері, шөберелері бәрі-бәрі обалы не керек, қолында барды әкеп осы кемпірдің алдына тосады. Ал, Орынша бәрібір риза емес. «Ешқайсысың Ризықтың бала-шағасына жетпейсіңдер!» деп кезекті «әнін» сала бастағаннан келгендер кетуге ыңғайланады. Шолжаңдау немересі Асылай болса, «әжешка, нравится тебе или не нравится, а мне фиолетово» дейді көзін тура қадап. Ылғи солай дейді. Онысын бұл түсінбейді, бірақ, оның сол тік мінезінен тіксінеді.

«Мынау ғой отырысым, маңдайым ашылмаған» деген әңгімені әсіресе Балым мен Ханымның балалары ауыр қабылдайды. Олар үшін анасының орнындағы адамның шүкір етпей сөйлеуі сүйектен өтеді.  Ал, құда-құдағилар «жасында байқары жоқтың қартайғанда айтары жоқ, қайтсын енді...» деп әу бастан көндіккен. Ұлдары туған анасына қарағанда енелеріне етене жақын. Солармен кеңесіп, солармен ақылдасады.

Ал, күнтізбеде - сәуірдің 10-ы. «90 жасқа толған тойымды балалар дүркіретіп ресторанда өткізеді, Ризықтай болмасам да мәртебем өседі, төрде отырамын, сыйлық аламын, жақсы тілектер тыңдаймын» деп көңіл демдеп жүрген Орыншаның дәмесінің дымы қалмай күл-талқаны шықты. Балаларының біреуі де ат ізін салмады. Қызы «мама, кәрәнәвирус деген ауру жаман, үлкен кісілерге қауіпті» деп қайталай береді. Орынша түсінбеді. Небір нәубеттен өттік, о несі-ай қайдағы бір нәрсені сылтау етіп... деп күйгелектене бастады. Сөйтті де таяғына сүйеніп, іштегі өкпені төгу үшін Ризық кемпірдің үйіне бет алды. «Мәссаған, безгелдек!». Әншейінде ашық тұратын қақпасы тарс жабық. Тұтқасына мәрліні шылқытып байлап қойыпты. Құрсын! Не бәле тағы? Бұл тарсылдатып терезесін ұра бастады.

  • Апа-ау, амансыз ба? ,- деді Ризықтың пысық келіні терезенің ар жағынан.
  • Ау, үйге кірейік та!
  • Апа, коронавирусқа байланысты ешкімді сырттан кіргізіп отырған жоқпыз. Ренжімеңізші... Енді бірде...
Читайте также
Кызылординец привез COVID 19 из США

Орынша сөздің аяғын күтпестен теріс бұрылды, тамағына тас, көзіне жас тығылды. «Қара, бұларды, бәрі бірігіп, менен теріс айналуын» деп, денесі қалш-қалш етті. Әншейінде күншуақтап отыратын Шоман шал да көрінбейді. Тіпті балаларын коляскаға салып алып, олай-былай жүретін көрші келіншектер де жоқ. Есік тұтқасын тарта бергенде қарсы беттегі мұғалім Ғалима «сәлембердік» деді, бұл қуанып кетіп, «қызым, осы а мне пиалетіві деген не нәрсе?» деді әлдене есіне түскендей. «Негізі, әдепкіде күлгін түсті айтатын, қазір жастар «маған бәрібір» дегенді солай айтып жүр» деп көрші келіншек үйіне кіріп кетті.

Орыншаның бойын тер шалды. Қуыс бөлмеге барып, уһілеп жүріп, киім ауыстырды. Күнтізбеге қарап еді, жұма екен. «Жұма ғой, жеті күлше тарату керек еді әруақтарға иіс шығарып, шалдың, Балым мен Ханымның, рухына да біраздан бері Құран оқылмады...» деп бір ойлап қойды. «Әже, шәй ішесің бе?» деді немересі құлаққабының бір шетін суырып. «Иә!».

Дағарадай үстел басында Орынша жалғыз отыр. Дәл түсіндегідей. Коронавирусқа қарғыс айтып. «Хе, кәрәнәвирус! Мықты болдың ғой, тіпті анау Ризық кемпірдің үйі тамын тас қамал етіп алыпты». Гүлді кеседегі шәйді ернін сылп еткізіп, ұрттады да, «а мне пиалетіві» деді шәмбені еденге тырс еткізе түкіріп.

журналист
Чистят дороги только те акимы, что боятся, что их снимут или не перевыберут: короче, дороги чистят только трусы
Нельзя заменить экономические реформы блогерами-штрейкбрехерами
Борьба с забастовками превращается в кампанию по дискредитации забастовщиков
В Казахстане "отмыли" структурное подразделение финансовой пирамиды "Hermes LTD"
ПК "UBW KZ" исключили из списка подозрительных проектов
Нурлан Жумасултанов: Власти хотят заново расследовать причины авиакатастрофы 2019 года
Кому и зачем нужно переписать окончательный Отчет о расследовании обстоятельств аварии Fokker-100 авиакомпании "Бек Эйр"
В Польше после перестрелки с полицией задержан 24-летний казахстанец
В польском городе Краков после полицейской погони задержаны казахстанец и украинец, подозреваемые в нелегальном владении оружием
Узкий коридор. Бумажный Левиафан
Казахстан обладает многими чертами Бумажного Левиафана, который катастрофичен для экономического процветания
"Ответ Гуриеву" от американцев
Вышедшее социсследование стало очередным свидетельством, что у Трампа почти неограниченный карт-бланш от электората
"Понравилась сатана лучше ясна сокола": как Тарас Шевченко стал моряком в степях Казахстана
Занимательная история Казахстана от Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. Остановись, мгновение!
Изучаем историю по старым архивным фотографиям
Тайна старого казахского фильма о любви
Вставит ли "Казахфильм" к 50-летию картины "Гауһартас" (на казахском) или "Храни свою звезду" (на русском) в титры имя певицы, которой все считают Бибигуль Тулегенову
Реклама как способ узнать о том, как жили наши прабабушки
По объявлениям в старых газетах и журналах можно составить представление о том, какой была жизнь век-полтора назад
Судьи запутались в законе
Из-за этого у жертвы пирамиды отняли его машину
В Семее учителей отправили наряжать ёлку – руководитель городского отдела образования уволен
Директоров ряда школ привлекли к дисциплинарной ответственности
Qarmet под героем труда Басиным
Кто на самом деле руководит многомиллиардным бизнесом
Нож в глазу: в СКО врачи борются за жизнь трёхлетнего мальчика
По словам матери, малыш сам неудачно упал на кухне
В Жетысу ушлые чиновники помогли некоторым квартировладельцам сохранить свои жилища
А вот другим очередникам свои права на жильё приходится отстаивать в суде
"Украли две квартиры, опоили и убили": подробности из суда по делу чёрных риелторов из Алматы
Сразу два врача центров психического здоровья способствовали этому
Парень от безденежья решил ограбить бодимассажистку в Шымкенте
Женщине, принимавшей на дому, самой пришлось испытать жесткий массаж от данного клиента
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.