Бүкіл дүниені өзгерткен бір оқиға

4469 просмотров
0
Эрик БАЙЖУНУСОВ
Пятница, 02 Дек 2022, 17:15

Өлем дегенге еш нәрсе шипа болмайды

Өмірден, әділеттіктен, адамзаттан, бүкіл дүниеден түңілген бір заман еді. Адам осындайда не істейді? Әрине тек қана Алладан көмек сұрайды. Өйткені сенің ішіңде не болып жатқанын тек Жаратқан ғана түсінеді.

Читайте также
О душевном здоровье

Әттең, осы біз неге тек жанымыз қиналғанда ғана Құдайды еске аламыз екен? Өмір бойы жасаған күнәләрімізді тынысымыз тарылғанда ғана көз алдымыздан өткізіп, тағдырдың бізге сыйлаған бағасы жоқ өмір деген байлығын ескере бастаймыз, түсіне бастаймыз. Пендешілік деген осы ғой. Басы ауырмағанның Құдаймен ісі жоқ деп халық бекер айтпаған ғой.

Өмір деген ұнамай қалса дүкенге барып айырбастай салатын зат емес. Әр нәрсенің сұрауы бар. Жылдар бойы бойыңа жинаған жақсың да, жаманың да әйтеуір бір күні найзағайдай жарқ етіп төбеңнен түседі. Соны түсінсең тағдыр одан әрі қарай жолыңды жалғастыруға мүмкіндігін береді, ал егер түсінбесең амал не? Келесі сын өміріңнің соңғы сынына айналуы мүмкін.

Қазақта "Дәм-тұзы таусылған екен" деген сөз бар ғой. Медицинада талай жылдар жұмыс жасап осыған талай көз жеткізіп едім. Кей жағдайда осы заманның ең күшті және қымбат дәрілерін алып құйсаң да кейбіреулерге көмегі мүлдем тимейді. Өлем дегенге еш нәрсе шипа болмайды. Өкінішке орай.

Тіпті тағдырдың ойынын кейде түсіну өте қиын. Кездейсоқ жағдайлар, ойламаған жерден тап болған уақиғалар. "Ажал айдаған екен" дейміз мұндайда.

"Сол күні, шіркін, бармай-ақ қойса болар еді-ау, бір сәтке ерте немесе кеш шықса ғой!" - деп қап дегендер қаншама бүл өмірде? Оның бәрін математиканың заңына салсаң да, әлемдегі ең қуатты компьютерге енгізсең де жауабын таппайсың.

Читайте также
О раке

Бұрын мен Құдайды тек біреуді жерлегенде ғана еске алатынмын. Дін туралы білімім арақ ішпеу мен шошқаның етін жемеумен шектелетін. Жан қиналғанда ойланбай намазға жығылып бас ұрғаннан гөрі алдымен бұл ұғымның егжей-тегжейлерін зерттегенді жөн көрдім. Буддизмнен бастап христианство, иудаизм туралы жазбаларды оқып, ақыр түбі исламға жеттім. Ондағы негізгі мақсатым – осы неге 2000 жылдан астам жер бетіндегі есі барлар Құдайға жығылады екен? – деген сұраққа жауап табу.

Советтік заманның ұрпағы болғандықтан діншілдік білімнің саяздығынан деп білетінмін. Жылдар бойы осы теріс ұғымды айналама таратып келгенмін.

Қалай адасқанымды және ақымақ болғанымды тек сол кезде ғана түсіндім. Иманы бар адам болу үшін ішкі дүниең таза болу керек екен. Тек қана ішкі дүниеңді қоқыстан тазартып, жанарыңды Аллаға бұрсаң, тек сонда ғана сенің діншіл, иманды болғаның екен. Діншіл деген ұғым жақсы адам деген ұғымның синонимі екен. Егер ішкі дүниең таза, ниетің дұрыс адам болсаң Аллаға бас имесең де Жаратушының жұмақтағы орны саған дайын деген сөздерді естігенде таң қалдым. Дін деген дұрыс өмір сүрудің рецепті екен. Осының бәрін түсінбептім. Талай жылдар адасып жұрген екенмін.

Осындай ойлармен кошедегі автобус аялдамасындағы орындықта отырдым. Содан аспаға қарап: "Құдіретті Алла-тағалам! Бәрін көріп, біліп түрсың ғой! Кінәмнің жоқ екенін білесің, бір белгіңді берші, не күтіп тұр осы мені?" - деп жалына сұрадым. Өйткен себебім жаны қатты қиналғандарға Алла міндетті түрде белгісін береді дегенді оқып едім.

Жаздың жарқыраған күні еді. Айналам тым-тырыс. Тек қана бұрыштан шығып бір 6-7 жастағы қыз сөмкесін көтеріп мектептен ба, басқа жақтан ба әйтеуір келе жатты. Басқа тірі жан көрінбейді. Мен отырмын айналама көз тастап, құлағыммен әр сыбырды аулап.

Читайте также
О медицинской философии

Әлгі кішкентай қыз қасымнан өтіп бара жатыр. Көзім қолындағы сөмкесіне түсті. "Бәрі де жақсы болады!" - деген сөмкесінің сыртындағы қазақша жазу көзіме оттай басылды. Соны оқығанда жүрегім бүлк етіп, желкемді ауыр тастай талай айлар бойы жаншып тұрған қайғым сейілгендей болды. Түңілген жанның қара түнінде жарқ етіп үміт оты жанды.

"Рахмет Аллам, мың рахмет! Бәрін түсіндім", - деп үйге қарай бет алдым. Күлкі дегенді ұмытқан езуіме алғаш рет күлкі келіп, жымиып кетіп барамын. Сол сәтте мені біреу-міреу көрсе, мына сорлы есінен адасты деп ойлайтын еді.

Бұл ойдан шығарылған әңгімем емес. Осыны оқып, мүмкін дәл осы сәтте жаны қиналған біреуге септігін тигізе ма деген оймен жазылған шындығым. Қалғанын өздеріңіз білерсіздер.

Ең бастысы аман болайықшы...

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Лимоны под снегом: пенсионеры из ВКО в морозы выращивают экзотические фрукты и цветы
Недалеко от Усть-Каменогорска супруги Земляные создали настоящий оазис
Дело о крушении Fokker-100 Bek Air: хозяин дома признал свою вину
Однако он подлежит освобождению от уголовной ответственности согласно сроку давности
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Спасут ли экономику иностранные инвестиции или создадут «два Казахстана»?
Иностранцы получают «зеленый коридор» на 25 лет, а отечественные компании вынуждены выживать
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Средняя дивидендная доходность по рынку в Казахстане удвоилась в 2025 году
Почему активизировались инвесторы?
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента