Тергеу изоляторындағы бақылаушының бір күні қалай өтеді

713 просмотров
0
Ратель
Четверг, 24 Апр 2025, 14:30

Бақылаушының әр жұмыс күні қым-қуат қарбаласпен басталады

Күн сайын тексеру пунктінен 150, кейде 200 адамның әкелген сәлемдемелерін тексеріп өткізудің өзіндік қиындығы көп. Бақылаушының ең басты қаруы – қырағылық. Нан мен шұжықты бірнеше жерден кесіп, жеміс-жидектерді ортасынан қақ бөліп, қораптағы шәйді басқа ыдысқа аударып салып, қалташадағы шәйдің әрбіреуін ашып қарап жатқан бақылаушының жұмысына тек сырттан қарап тұру үшін де шыдам керек. Тұтқындағыларға әкелген азық-түлік, киім-кешек, керекті заттардың бүге-шігесіне дейін тексеру кезінде бақылаушылар келушілердің небір айла-шарғысына куә болады.

Читайте также
Қызылорда-Астана пойызында босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып жіберді

Мысалы 1500-ге жуық тұтқын ұсталатын Алматы қаласындағы Тергеу изоляторында жыл басынан бері түрлі тыйым салынған заттар анықталды. Оның ішінде жеткізу кезінде 4 литр спирттік ішімдіктер, 21 ұялы телефон мен 50 грамм есірткі тектес заттар. Әсіресе көп кездесетіні – ұялы телефондар мен сим карталар. Қазір ұялы телефондардың небір шағын түрлері шығып жатыр. Оны тұтқындарға жеткізу үшін тамақтың арасына да, аяқ киімнің ұлтанына да жасырады. Тыйым салынған заттарды өткізу заңмен жазаланатыны туралы ауызша ескертулерге қарамастан тұтқындардың туыстары мен таныстары осындай айла-шарғыға барады.

Тергеу изоляторына күнделікті адвокаттар мен қоғамдық қорғаушылар да кіреді. Оларды фронт-офистен өтер кезде тексереді. Өкінішке қарай, адвокаттар мен қоғамдық қорғаушылардан да тыйым салынған заттар табылады. Мысалы, жыл басынан бері адвокат пен қоғамдық қорғаушылардан 450 000 теңгеден астам ақша мен 2 ұялы телефон алып кіру кезінде тәркіленді. Тізе берсе, мұндай фактілер көп, ал әр фактінің артында бақылаушылардың қырағылығы мен еңбегі тұр.

Бақылаушының жұмысы түстен кейін қыза түседі. Қабылдап алған заттарды енді сол тізім бойынша әр камерадағы тұтқынға тапсыру да бақылаушының міндетінде. Егер тергеу изоляторында мыңнан астам адам жатыр десек, соның ішінен керек адамды тауып алу – жауапты жұмыс. Арнайы карточка арқылы камераны тауып келген соң, тергеудегі күдіктіге тапсырған адамның тізімі бойынша санап тұрып өткізіп береді.

Сәлемдемелерді қабылдаудың осындай сүзгіден өткізу жұмыстарын түсінбейтін кейбір адамдар “кезекте ұзақ тұрамыз, барлық затты несіне тексереді” деп ренжіп те жатады.

Бақылаушының бір күні осындай қарбалас әрі жауапты жұмысқа толы.

Фото: Алматы қ. ҚАЖ комитеті.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
На Олимпиаде в Милане в соревнованиях по фигурному катанию честь страны защищает Михаил Шайдоров