
Биыл бұрын-соңды болмаған рекордтық дивиденд төленбек
“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы 2024 жылдың қорытындысы бойынша акционерлерге дивиденд ретінде өткен жылмен салыстырғанда 16,7%-ға көбірек төлем бөлуді жоспарлап отыр.
2024 жыл үшін бұрын-соңды болмаған рекордтық 350 млрд теңге көлемінде дивиденд төлеу жоспары туралы “ҚазМұнайГаз” басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Исқазиев мәлімдеді.
Егер бұл шешім акционерлердің жалпы жиналысында қолдау тапса, бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 573 теңгені құрауы мүмкін.
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша компанияның ең ірі акционері – 67,48% үлесімен “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры. ҚР Қаржы министрлігіне 20% акция тиесілі болса, ҚР Ұлттық банкінің иелігінде 9,58% акция бар.
Қалған акциялар миноритарлық акционерлерге тиесілі, олардың қатарында “Халықтық IPO” және қор нарығы арқылы акция сатып алған қазақстандықтар да бар.
Дереккөз: t.me/oilgazKZ – Олег Червинскийдің Telegram-каналы. Автордың рұқсатымен жарияланды.
Фото: kmg.kz.
Аударған: А.Олжаев.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!