Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталды

3422 просмотров
0
Ратель
Суббота, 11 Дек 2021, 13:00

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, пара тендерден алатын "откат" болуы мүмкін

10 желтоқсанда "АЖ"-ға Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВА мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВТЫҢ 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталғандары белгілі болды, деп хабарлады "Ақ жайық".

Читайте также
Тоқаев ЕАЭО елдеріне бірлесіп микрочип шығаруды ұсынды

Оларды ұстауды Нұр-Сұлтаннан арнайы келген ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бір топ қызметкерлері жүргізген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, пара тендерден алатын "откат" болуы мүмкін.

Б. Хаменоваға қатысты ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі ("Айтарлықтай мөлшерде пара алу") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір одан Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ғимаратында жауап алуда.

Ақылбек Рысқалиев өз кінәсін тез мойындады, сондықтан әзірше оны босатты. Б.Хаменоваға қатысты әлі шара алынған жоқ. 

Ал @Yedilov online өзінің Telegram-каналында Б.Хаменованың жұмыс кабинетінің мөр басылған есігінің суретін жариялады.

Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнату бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасауға 4 млн 500 мың теңге көлеміндегі пара алған. Сәлден кейін Рысқалиев кінәсін мойындап келді, ал Хаменованы жауап алудан кейін уақытша ұстау изоляторына жіберген.

Абай ескерткішіне келсек, былтыр екі рет ұсыныс айтылған – бірінші рет облыстық мәслихат сессиясында, кейін ұлы ақынның 175 жылдығын тойлау аясында. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен депутаттар идеяны қолдап, содан кейін тендерге дайындық басталған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт сомасы 150 мың теңге, мәдениет басқармасы алғашқы траншты өткізіп үлгеріпті. "АЖ" мәліметіне сәйкес, ертең сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері тергеу сотында Хаменованы екі ай қамауға алу туралы өтініш бермек.

Бақытгүл Хаменова облыс әкімінің орынбасары лауазамына былтырғы 13 наурызда келген. Оған дейін "Нұр Отан" партиясы атынан Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды. Еске салайық, қазір Атырау облысы әкімінің екі орынбасарына қатысты сот процесі жүруде: бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев 182 млн теңге пара алды деп айыпталса, Қайрат Нұрлыбаев ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған кезінде 80 миллион теңге көлеміндегі ауыл шаруашылығы субсидиясын заңсыз бөлді деп айыпталуда.

Фото: "Ақ жайық".

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Министр внутренних дел РК
Назрела необходимость ограничения времени реализации спиртного в развлекательных заведениях. В указанных объектах в опьянении совершено более 1 400 преступлений, в том числе три убийства.
Исторические претензии и внешнее воздействие – главные препятствия в интеграции стран Центральной Азии
Максим Крамаренко: Говорить о реальном политико-экономическом единстве региона пока рано
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Микробизнес под микроскопом – государство изучает, но не помогает
Казахстанские ИПшники выживают вопреки системе, придуманной вроде как для них
Как Алматы лишил Алма-Ату еще одного памятника
Репортажи из прошлого
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Почему выпускники вузов выбирают работу курьера доставки
По госпрограммам казахстанская молодежь получает 90 тысяч тенге
Куантай Абдимади: Мужчина имеет право быть слабым
Актер о страхах, ролях и жизни между аулом и большим экраном
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента