Жылан жылы қазақ халқы үшін тосын өзгеріс болады – этнограф

14075 просмотров
0
Ратель
Вторник, 31 Дек 2024, 12:00

12 жыл бұрын болған оқиғалар тағы қайталануы мүмкін

Шығыс жылнамасына сәйкес, 2025 жылдың иесі – жылан. Жылан – қазақ дәстүрінде ақыл-парасаттың, сақтықтың және терең ойдың символы. Бұл туралы Kazinform тілшісіне этнограф-ғалым, фольклоршы Болат БОПАЙҰЛЫ айтып беріпті.

Этнографтың айтуынша, жылан – шығыс күнтізбесі бойынша жыл он екі мүшелге бөлінетін кезеңнің алтыншы жылы.

- Қазақ халқы көрген түсін де, бастаған ісін де жақсылыққа жориды. Мына кірген жылан жылын да ерекше балап, өмірін батына санап “Жақсы жыл”, “Есен жыл”, “Құт жыл” кірді деп жақсы тілек, ақ ниетпен қарсы алу керек. Бұл жыл құпияларға, тосын өзгерістерге, күрделі сынақтарға толы болып, ойлануды, ақылмен шешім қабылдауды талап етеді.

Сонымен қатар, ол 12 жыл бұрын болған оқиғалардың қайталануы мүмкін екенін тілге тиек етті.

Фото: жеке мұрағатынан.

- Қазақ халқы “Он екі жылда оқиға қайталанады” деп қарайды. Бұл – халық байқаған өмір заңдылығы, циклдік құбылыстар. Атап айтқанда, 1989 жылы Желтоқсан оқиғасынан кейін Қазақстанда ұлттың жаңа серпілісі байқалды. 2001 жылы Тәуелсіздік алғаннан кейін ел экономикасы қалыптасып, тұрақтылыққа бет алды. 2013 жыл – әлеуметтік жаңғырулар кезеңі болды, халықаралық аренада ел беделі арта түсті. Бұл цикл алдағы жылан жылы да тарихи өзгерістерге толы болатынын меңзейді, - дейді ғалым.

Читайте также
“Жаңа уақыт жақсы болды”, деп жазатындарға ақша ұсынып жатыр

Сондай-ақ ол келер жылы қиындық пен мүмкіндік қатар жүретінін жеткізді. Айтуынша, халық осы жылы әр шешімді асықпай, байыппен қабылдауға тырысқан.

Иманын сақтап, ибасын ақтап, бас амандығын сұрап, берекелі бейбіт жүрген адамның бақ жұлдызы көтеріледі деп сенген. 

- Жылан жылы көбінесе реформа, өзгерістер кезеңі ретінде танылған. Қиындықтар мен мүмкіндіктер қатар жүретін жыл. Қазақ халқы әр іске сабырмен қараған адамның мақсат-мұраты орындалады деп сенген, - деді этнограф.

Спикер жылан жылы интеллектуалды дамуға, білім мен ғылым саласына ерекше серпіліс беретінін жеткізді.

- Әр адам өзі шұғылданған мамандығы бойынша тырысып жұмыс істесе, бар ойлағаны жүзеге асады. Қаржылық, әлеуметтік мәселелерде үлкен жауапкершілік талап етеді. Ысырапшылдыққа қарсы тұрып, жоспармен қаржы жұмсаған адамға байлық пен бақ қатар оралады. Бұл жыл артық нәрселерден арылып, жаңа бастамалар жасауға тиімді кезең. Жаңашылдыққа ден қоюы керек. Көне дүниеден, ескі көзқарастан арылу арқылы, тың қадам жасаған адамның барлық ісі ілгері басады. Батыл қадамдар жасап, теріс энергияны оң энергияға айналдыра білген адам, өз мақсатына жетеді. Қазақ халқында жылан жылы “Жаратылыстың сынынан өтетін жыл” деп аталған, - деді ол.

Фото: Freepik / AI.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

президент Республики Казахстан:
- К сожалению, есть недоброжелатели, которые пытаются исказить саму суть принципа «Закон и Порядок», представляя его как инструмент давления. Считаю это нечистоплотным.
Посол Израиля Йоав Быстрицкий о новых проектах с Казахстаном: разговор на творческом вечере Владимира Фридмана
Израильский актёр театра и кино представил в Алматы программу «Про ту и эту жизнь…», а посол рассказал о перспективах сотрудничества двух стран в экономике, медицине и культуре
Когда исчезает знание: что художники Центральной Азии искали в кыргызском Кадамжае
Экспедиция Tamyr Central Asia Art Lab началась с истории почти исчезнувшей профессии и превратилась в исследование памяти, мифа и художественного опыта
От Каспия до алгоритмов: что московский саммит ОДКБ меняет для Казахстана
Расширение повестки ОДКБ ставит перед Астаной прагматичный вопрос - какие механизмы организации реально работают на национальные интересы
Казахский язык в глобальной стратегии средней державы
Как мягкая сила, цифровые технологии и культурное продвижение получают новое место в государственной политике
Чей председатель? Как строительные недоделки становятся расходами жильцов
Адвокат Асқат Сулубек — о зависимости управления домом от застройщика, гарантиях и цене молчания о дефектах новостроек.
Шынайы құрмет пен жасанды «көкірек»
Аз ғана билікке қолы жетсе, эмпатиядан жұрдай болып, «көкірегін» қағатын адамдардың психологиялық сыры
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Смена руководства КНБ: кто такой Марат Ирменов и как складывалась карьера Ермека Сагимбаева
Новый глава спецслужбы прошел путь от региональных департаментов до руководства Комитетом
Казахстан между модернизацией и новым этапом развития
Политолог Равшан Назаров — о суверенитете, инфраструктурной модернизации, искусственном интеллекте и значении казахстанских реформ для Центральной Азии
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай