Жыл басынан Қазақстан экономикасы 4,9%-ға өсті

1431 просмотров
0
Ратель
Среда, 15 Ноя 2023, 13:00

Салалар арасында ең жоғары көрсеткіштер құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік салаларына тиесілі

Читайте также
Құны 300 млн теңгеден асатын 20 жылжымайтын мүлікті заңсыз иеленбек болғандар анықталды

ҚР премьер-министрі Әлихан СМАЙЫЛОВТЫҢ төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Ұлттық экономика министрі Әлібек ҚУАНТЫРОВТЫҢ мәлімдеуінше, есепті кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ға жетті. Нақты сектордағы оң динамика 3,8%-ды, қызмет көрсету саласында 5,4%-ды құрады. Салалар арасында ең жоғары көрсеткіштер құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік салаларына тиесілі.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,6%-ға жетті. Олардың ағыны көлік және қоймалау саласында 58%-ға, денсаулық сақтау саласында 40%-ға, саудада 38%-ға, білім саласында 18%-ға, ауыл шаруашылығында 8,7%-ға, өнеркәсіпте 8,3%-ға өсті.

Алдын ала қорытындылар бойынша, қаңтар-қыркүйекте республиканың сыртқы сауда айналымы 2,4%-ға $102 млрд-қа дейін өсті. Экспорт $57 млрд-тан астам болды, оның ішінде өңделген тауарлар экспортының үлесі – $18 млрд, тауарлар импортының үлесі – $44 млрд-тан астам. Қазақстанның оң сауда балансы $13 млрд-қа тең.

Қаржы вице-министрі Дәурен ТЕМІРБЕКОВТЫҢ мәліметінше, 10 ай ішінде мемлекеттік бюджетке 15,5 трлн теңге кіріс түскен, жоспар 98,3%-ға орындалған. Атап айтқанда, республикалық бюджет 10,5 трлн теңгеге, жергілікті бюджеттер 5,1 трлн теңгеге толықтырылды. Сондай-ақ мемлекеттік бюджет шығыстары 98,2%-ға, республикалық бюджет шығыстары 99,4%-ға, жергілікті бюджет шығыстары 97,2%-ға орындалды.

Премьер-министр еліміздің экономикасы қолайсыз жағдайларға бейімделе отырып, орнықты өсу жолын жалғастырып жатқанын айтты. Атап айтқанда, нақты сектор экономикадағы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Машина жасау саласы 27%-ға, оның ішінде автомобиль жасау 42%-ға өсті, мұнай және табиғи газ өндіру есебінен тау-кен өнеркәсібінде өсім 6%-дан асты, өңдеу өнеркәсібінде өсім 3%-дан жоғары болды.

Читайте также
2025 жылы жаңа пандемия болады - фейк

Тоқыма бұйымдары өндірісінің ұлғаюы есебінен жеңіл өнеркәсіпте 12%-ға жуық айтарлықтай өсім тіркеліп отыр. Өндірісте пластмасса бұйымдарын өндіру 5,5%-ға, азық-түлік өнімдері 3%-ға және сусындар өндірісі шамамен 2%-ға өсті.

Құрылыс секторында өсу қарқыны жоғары – 12,5%, 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қызмет көрсету секторы бойынша сауда 10%-дан астам, байланыс 8% және көлік секторы 7%-ға өсті.

Жалпы барлық негізгі көрсеткіш бойынша Абай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында көрсеткіштер жақсы.

- Жыл соңына дейін барлық өңір әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуі тиіс. Жеке инвестицияларды тарту экономикалық өсудің маңызды факторы болып табылады. Бұл – біздің басты міндетіміз, — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы мемлекеттік органдар мен өңірлер инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізіп, жоспарланған жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет екенін айтты.

- Мемлекет басшысы әрбір орта кәсіпорын бойынша өндірісті 2-3 есеге кеңейту міндетін қойды. Жауапты мемлекеттік органдар, әкімдіктер “Атамекен” ұлттық палатасымен бірлесіп, осы тапсырманы іске асыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы қажет, — деді премьер-министр.

Үкімет басшысының айтуынша, жалпы жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңа кәсіпорындар құру бағытында бизнесті белсенді қолдау керек.

Премьер-министрдің сөзінше, дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында инфляция деңгейін 10,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік туды. Сонымен қатар жыл соңына дейін инфляцияны 2 есеге азайту үшін мемлекеттік органдар мен әкімдіктер Инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша шаралар кешені аясында барлық жоспарланған қадамды жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет.

- Жыл соңына дейін 1,5 ай қалды. Экономиканың өсу траекториясын сақтай отырып, барлық нысаналы көрсеткішті қамтамасыз ету қажет, — деді Әлихан Смайылов.

Фото: primeminister.kz.

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Ледники Центральной Азии потеряли 26 млрд тонн льда в 2025 году
Как сокращение ледников Тянь-Шаня и Памира влияет на водные ресурсы Казахстана и соседних стран
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Протесты в Европе, атаки на аэропорты и танкер, разводы и скандалы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай