Жошы хан туралы тарихи сериалды түсіру басталды

1832 просмотров
0
Ратель
Среда, 05 Мар 2025, 14:00

12 метрлік киіз үйде алғашқы кадр таспаға түсірілді

"Дара" Президенттік бастамалар қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба тарихи нақтылық пен драмалық баяндау үйлесім тапқан ауқымды мәдени оқиға болмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" студиясының павильондарында "The Golden Empire" жұмыс атауымен белгілі халықаралық тарихи сериалдың түсірілімі басталды.

Читайте также
Мәскеу князьдігі Жошы ұлысының арқасында құрылған — тарихшы

Ағылшын тіліндегі деректі-көркем телехикаяның өндірісін Karga Seven Pictures жүзеге асыруда. Бұл компания 90-нан астам елде Netflix-тің ТОП-10 тізіміне енген "Осман империясының өрлеуі" және "Өсиет: Мұсаның тарихы" сияқты жобаларымен танымал. TAURUS Asia Production – жобаның жергілікті серіктесі.

Таңғы 6:00-де түсірілім алаңы жандана бастады. Алғашқы кадрды түсірмес бұрын, режиссер Эмре САХИН, түрік продюсері Фикрет МАНОҒЛУ және TAURUS Asia Production продюсері Анна ЧАКИРТОВА түсірілім тобына мотивациялық және құттықтау сөздерін жолдады.

"Бұл жай ғана сериал емес, бұл өткенмен құрылған диалог. Әрқайсыңыз осы тарихты бүгінге жеткізушісіз. Әр қадам – ұжымдық еңбектің нәтижесі. Сценарийден бастап костюмдер мен декорацияға, жарық қоюдан операторлық жұмысқа дейінгі әрбір кезең – алға жылжудың маңызды бөлігі. Біз бірге жұмыс істейміз, бір-бірімізге қолдау көрсетеміз және бұл жобаның ерекше болатынына сенеміз", - деді Эмре Сахин.

9:10-да жобаға арнайы жасалған 12 метрлік киіз үйде алғашқы кадр таспаға түсірілді. Ал түске дейін алғашқы дубль сәтті шығып бекітілген соң, түсірілім тобы дәстүрге сәйкес қолтаңбалар қойылған табақты сындырып, қатысушылар естелікке сынықтан ала кетті.

Фото: "Дара" Президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметі.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Алматы во время проверок выявили превышение эконорм у автотранспорта