Жұмыс берушінің қызметкерге міндетті зейнетақы жарнасын төлеу бастамасы тағы 1 жылға шегерілмек

1433 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 21 Ноя 2022, 17:45

Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуін енгізу тағы бір жылға шегерілуі мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
ОСК президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады

"Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс", - делінген құжатта.

Айта кетейік, мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу биыл енгізілуі тиіс болатын. Алайда, жұмыс берушілерге көп қаржылық жүктеме түсірмеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізу ұсынылды.

Жарна мөлшерлемесі:

  • 1,5% – 2024 жылдан бастап;
  • 2,5% – 2025 жылдан бастап;
  • 3,5% – 2026 жылдан бастап;
  • 4,5% – 2027 жылдан бастап;
  • 5% - 2028 жылға қарай.

Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.