Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

2524 просмотров
0
Ратель
Суббота, 22 Фев 2025, 12:00

Дулат Исабеков 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы “Ленин жолы” ауылында туған

Қазақтың белгілі жазушысы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат ИСАБЕКОВ өмірден өтті. Бұл туралы Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан БЕГМАНОВ жазды, деп хабарлайды El.kz.

Читайте также
Алматыда орыс жазушысының осындай кітабы сатылып жатыр

Бұған дейін 82 жастағы жазушының денсаулығы сыр беріп, ауыр халде жатқаны туралы мәлімет тараған.

Дулат Исабеков 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы “Ленин жолы” ауылында туған.

1963 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1963-68 жж. Қазақстан Республикасы Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор, 1968-70 жж. “Қазақ Совет энциклопедиясы” бас редакциясында аға ғылыми редактор, 1971-76 жж. “Жұлдыз” журналында бөлім меңгерушісі, 1976-80 жж. “Жалын” баспасында редакция меңгерушісі, 1980-88 жж. ҚР Мәдениет минстрлігі репертуарлық-редакциялық алқасының бас редакторы, 1988-97 жж. Қазақ теледидарының бас редакторы, “Жазушы” баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1997 жылдан Мәдениеттану ғылыми институтының директоры болған.

Республикалық мәдени-сараптамалық “Мәдениет” журналының бас редакторы, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессоры болған.

1963 жылы “Жолда” атты алғашқы әңгiмесi Қазақстан жазушыларының “Замандастар” деген әңгiмелер жинағына ендi. Сол жылы “Шойынқұлақ” атты әңгiмесi “Лениншiл жас” газетiнiң үш нөмiрiне жарияланып, жас жазушыны оқушы қауымға кеңiнен таныстырды.

Читайте также
Атаулы көмек үшін ажырасқандар бар – жазушы

“Гауһар тас”, “Дермене”, “Перi мен Перiште”, “Тiршiлiк”, “Өкпек жолаушы”, “Бiз соғысты көрген жоқпыз”, “Қарғын” (роман, 1980) т.б. кітаптары шыққан.

“Шойынқұлақ”, “Ақырамаштан наурызға дейiн”, “Ескерткiш”, “Социализм зәулiмi”, “Конфронтация”, “Талахан-186”, “Бонапарттың үйленуi”, “Ай-Петри ақиқаты”, “Кемпiрлер”, “Шалдар”, “Тыныштық күзетшiсi” секілді шығармалары әр жылдары жарық көрдi. 

Жекелеген повестерi мен әңгiмелерi немiс, чех, венгр, болгар, қытай, түрiк, өзбек және ағылшын тiлдерiне аударылып, шет ел оқырмандарына да кеңінен таңылды. Жазушының шығармалары бойынша “Гауһар тас” (1975), “Дермене” (1994), “Тауқымет” (“Тiршiлiк” повесi бойынша, 1998), “Лотерея” (“Ержеткенше” повесі бойынша, 2013), “Балуан Шолақ” (“Жаужүрек” пьесасы бойынша, 2019) атты көркем фильмдер мен “Әпке” атты пьесасының негізінде телесериал түсірілген.

Қазақ сахнасы тарихында өзіндік орны бар 26-ға жуық пьесаның авторы. “Әпке”, “Ертеңдi күту”, “Мұрагерлер”, “Кiшкентай ауыл”, “Ескi үйдегi екi кездесу”, “Тор”, “Актриса”, “Аққу-Жiбек”, “Әншi құстар фестивалi”, “Мұңлық- Зарлық” атты пьесалары республика сахналарынан ұзақ жылдар бойы түспеген.

Қазақстанның Еңбек ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және Тәуелсіз Қазақ ПЕН-клубы мен платиналы “Тарлан” сыйлықтарының, “Достық”, “Құрмет” орденiнің иегері. Қазақстанның Құрметті жазушысы.

Фото: Қасымхан Бегманов.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай