Жалғыз аяқпен жанұясын асырап жүр

2561 просмотров
0
АЙНУР ТУНГЫШБАЕВА
Четверг, 13 Фев 2020, 12:00

Қызылордалық Маресьевтың тағдыры

Біреулер бар диванда жатып алып, жамбасын тыр-тыр қасып, әлеуметтік желіде жұртқа ақыл айтып әлек. Өздері бір шегені қаға алмайды, олақ. Енді біреулер бар күніне 8 сағат жұмысқа барып қайтқанын міндет қып, үйіндегілердің мазасын қашырып, мезі қылады. Ал, біреулер бар он екі мүшесі түгел болмаса да тірнектеп тіршілік етіп жүр.

Ерік-жігер мықты адам мұқалмайды. Қызылордада сондай жан бар. Ол – Ғабит ҚАЛҚАМАНОВ. Өндірістік жарақат алып, жалғыз аяқпен қалса да, өмірге өкпелемейді, қол қусырып қарап отыра алмайды, таң ертеңнен кеш батқанға дейін қарбалас, нәпақа табу үшін еңбек етеді. Жалғыз аяқпен балдаққасүйеніп, үй-үйді аралап, пошта тасиды.

Бір аяғымен осыдан 14 жыл бұрын қош айтысқан. Тағдырға мойынсұнды. Бірақ, мойымады. Бүгінде таңертен редакциялар мен баспаханалардан газеттерді алып, мекен-жайларға таратады. Онымен Ғабиттің жұмысы бітпейді. Бұл тірлікті тәмам еткенсоң базардан жем алып, оны тазартып, қала маңындағы саяжай тұрғындарына сатады. Үстінен көретін табысы - 300-400 теңге көлемінде. Соған қанағат. Соған шүкір. Соған мың мәрте құдайға алғыс айтады.

Читайте также
Олар Аяз Ата емес

- Инвалидпын деп үйде жатқаннан кім не береді? Бала кезімнен бейнет көрген адаммын. Жұмыстан қашпаймын. Әйелім денсаулығына байланысты жұмысқа жарамайды. Біреуге алақан жайып, тамақ сұрап көрген адам емеспін. Еркек - еркек болып қалу керек, жұмыс істеу керек, отбасын асырауы керек, ықылымнан табиғаттың жазылмаған заңдылығы ғой ол, - дейді Ғабит ҚАЛҚАМАНОВ.

Балдақпен бүкіл қаланы аралау әсте оңай емес. Кейде қатты шаршаса, қоғамдық көлікке мінеді. Кассирлердің кейбір иманжүзділері: "төлемей түсе беріңіз", - дейді. Бірақ, Ғабит 90 теңге жолақысын бермей түскен емес. Намысы жібермейді. Бұл жүрісі де, машақаты да көп пошташылық қызметті жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен тапқан. Жылға жуық уақыт ішінде еңбекқор, намысшыл, жауапты қызметкер атанған Ғабит өзгелерге үлгі болып жүр.

Ғабит айына пошташылық қызметі үшін 42 мың 500 теңге алады. Оған қоса мүгедектігі үшін үкіметтен берілетін аз-маз пенсиясы бар. Қосымша табысын қосқанда жан бағуға жетеді дейді. Қанағатшыл.

Жалғыз аяқпен отбасында науқас жары мен екі немересін бағып жүр.

"Мен еркекпін!". Ғабиттің осы бір ауыз сөзінде қаншама намыс оты бар.

Фото: Ⓒ Ratel.kz / Айнұр Тұңғышбаева.
Министр внутренних дел РК
Назрела необходимость ограничения времени реализации спиртного в развлекательных заведениях. В указанных объектах в опьянении совершено более 1 400 преступлений, в том числе три убийства.
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Почему госпрограммы в Казахстане не доживают до конца
К 2025 году национальные проекты снова уходят в «концепции»
Как Алматы лишил Алма-Ату еще одного памятника
Репортажи из прошлого
Судмедэксперты по делу Bek Air: при «тысячекратных перегрузках» человек может выжить
В Алматы продолжаются слушания по делу о катастрофе самолета Fokker-100
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Метания правительства: реформа или откат к ручному управлению?
Экстренные меры по стабилизации экономики перечеркивают логику заявленных преобразований
Куантай Абдимади: Мужчина имеет право быть слабым
Актер о страхах, ролях и жизни между аулом и большим экраном
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента