Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Әмрин пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақмола облысында жалған генерал бұрын сотталған адамды сот органының лауазымды тұлғаларына пара беруге итермелеген.
Антикордың мәліметінше, Әмрин өзін әскери генерал деп таныстырып, бұрын сотталған адамды сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 млн теңге пара беруге итермелеген. Пара жымқыру фактісі бойынша Семей гарнизоны Әскери сотының ақтау үкімін шығару үшін қажет болған.
20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Әмрин пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Ал бұрын сотталған ер адам тиісінше пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып және үкімдердің жиынтығын ескере отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.