
Үкімет отырысында жаңадан тағайындалған ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ресми түрде ант берді
"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конститутциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімді заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал еңбек етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, ант етемін!", - деді Қыдырәлі, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ал премьер-министр Әлихан Смайылов экс-министр Асқар Омаровқа атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, Дархан Қыдырәліге сәттілік тіледі.
Фото: dalanews.kz.