Зейнеттегі экс-президенттер: Кім қайда, не істеп жүр

1623 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 16 Дек 2024, 14:00

Біреуі бірдеңелерді бытқытып, бықсытып ел билігіне қайта келмекке талпынған

Бұл сұрақтың жауабын алдымен АҚШ-тың экс-президенттерінің бүгінігі қам-қаракет, тыныс-тіршілігінен табамыз, деп жазады Abai.kz.

Читайте также
Қызық-ей. Біреудің әйелінде несі бар

Жасы әбден ұлғайған шағында Ақсақал БУШ айықпас дертке шалдыққан еді. Мүгедектерге арналаған арбада отырды. Алайда ол өмірден ақылы лекциялар оқып, қаражат табудан қажымай өткен көрінеді. Аты жөнін келер ұрпақтың есінде қалдыру үшін “Президент кітапханасы мен музейін” де ашқан. Паркинсон дейтін аурудан зардап шегіп отырса да ол өзін сергек ұстауға тырысып, замандастарына қайрат беретін сөздер айтатын еді дейді білетіндер.

Әкесімен аттас кіші Буш Америкадай алпауыт елдің билігінен кеткен соң, ол да “Президент кітапханасын” және саяси зерттеу институтын ашқан. Институтқа бала Буш өз атын берген. Яғни, “Джордж Буш атындағы саяси зерттеу институты”. Оның осы күнгі ермегі әрі сүйікті ісі – велосипедпен ағып таудан түсетіндердің марафонын ұйымдастыру. Велосипедпен таудан түсіп келе жатып жарақат алғандар мен жатыр мойны обыр ауруынан зардап шегетін жандарға арнап лекциялар оқиды.

Саясатта саңлақ танылған Джордж Буш тәп-тәуір суретші де болып шықты. Оның натюрморттары 50 мың доллардан бастап сатылады.

1993-2001 жылдар аралығында АҚШ-тың 42-і президенті болған Билл КЛИНТОН мемлекет басқару ісі мен саясаттан қолы босай салысымен, кітап жазып, зайыбы Хиллари ханым екеуі халықаралық ұйымдарға ақылы кеңес берумен, ақылы дәрістер оқумен айналысып кетті. Ерлі-зайыпты екеуінің бір лекциясы 100-300 мың доллар аралығында бағаланады екен.

Читайте также
Даниал Ахметов жеңіл атлетика федерациясынан кетті

Ақ үйдің есігін жауып, Чикагоға бірден аттанған Барак ОБАМА “Барак қорын” құрып, ізінше кітап жазуға отырды. Мемуарлық шығармасы оған таза 65 миллион доллар табыс әкелді. Қашанда қасынан табылатын сенімді жары Мишель екеуі осы күндері саламатты қоғам мен миграция және әлемдік климат туралы лекциялар оқып, тыным таппай жүр.

2005-2013-жылдардың ауанында Иран Ислам Республикасының президенті болып, азуын айға білеген Америкамен, Еуропа елдерімен теке-тіреске түсіп даңқы озған Махмуд АХМАДИНЕЖАД биліктен кеткен күні қарапайым адамдардың қатарынан табылып, Тегерандағы бір іргелі оқу орнында сабақ беріп жүрді. Университетке белесебетпен келіп қайтатын Махмуд Ахмадұлының суреттерін шетелдік фото-тілшілер ғаламтор бетінде әредік жариялап та тұратын. Осылайша шиіттік дәстүр салттың ырықына бағынып, мейілінше қоңырқай тршілік кешкен экс-президент 2020 жылдан бастап қайтадан “атқа мінді”. Сауди Арабтың короліне хат жазды ма, Құдай-ау, Францияның президенті Макронға мақтау айтты ма – әйтеуір бірдеңелерді бытқытып, бықсытып ел билігіне қайта келмекке талпынған. Бірақ Иран халқы оны қолдамады.

Ал енді өзіміздің қотанымызға оралсақ, Асқар АҚАЕВ – Мәскеуде. МГУ-де дәріс оқиды, жаңылыспасам. Қызы Бермет екеуі қайбір жылы “Қырғызстанды қалай дамытамыз?” деген сауалға жауап іздеп кіріпіштей кітап жазып тастаған. Елден бірінші боп қуылған Ақаев қазір кейбір мәселелер бойынша Қырғызстанға келіп қайтып жүр.

Туған іні-бауырларымен Қырығызстанды басып қалуға аз қалған Құрманбек БАКИЕВ – Беларуссияда. Батькасының қасында. Беларуссияның азаматы. Қырғыздың Жоғары соты оны 30 жылға соттады.

Читайте также
Черчесовтың тағдыры жақында шешіледі

Алмазбек АТАМБАЕВ та тергеуге алынып, ҚР МҚК-нің абақтысына жатып шықты. Жария түрде миллионер деп танылған Алмазбектің ұйымдасқан жемқорлықпен айналысқаны белгілі болды.

Сауранбай ЖИЕНБЕКОВ мәртебелі қызметінен айырылған бетте Меккеге аттанып, умра қажылық парызын өтеген.  Ол да Бішкектегі былықтардың біріне бармақ батырған көрінеді. Бірақ Заң алдындағы айып-ажыннан аман. Өз атына қор құрып алған. Бұрынғы қызметкерлерімен бірге сол қордың қам тірілігін ғана күйттеп, тыныш өмір сүруде.

Роза Отынбаева “Роза Отынбаеваның бастамасымен” қорын басқарады. Мадрид клубының және БҰҰ хатшылығының деңгейіндегі медиациа жөніндегі кеңесшілердің қатарында.

КСРО-ның құрамында болған бұрынғы республикалардың бірі Молдовияны тәуелсіздік жылдары басқарған  Мирча СНЕГУР биліктен кеткеннен кейін тағы да саясатта бағын сынап көрді де, ақырында бәрін қойып, бақша баптап, жеміс-жидек өсірумен айналысып кетті.

Украинаның Кремльге табандап қарсы тұра алған алғашқы президенті (бұрынғы соңғыларын айтып отырған жоқпыз) Виктор ЮЩЕНКО бал арасын асырайды. Омарташы. Аукциондарда Виктор Ющенконың он килолық бөшкедегі балы 300 доллардан бастап сатылады.

Сирия халқын ұлы сүргінге салып, тақымына басқан тағынан айырылмаудың қамы үшін халқын қырылыстырып, азамат соғысына жол берген Башар АСАД жуырда елден қуылып, жақтастарынан түгел айырылып, Кремльдің қолтығына келіп тығылды.

Тегінде, Мәскеу жағалағандардың тағдыры осылай аяқталса керек...

P.S. Мақала ғаламтордағы деректер мен мәліметтер негізінде жазылды.

Коллаж: Abai.kz. Суреттер: kaztag.kz, rbc.ru, wikipedia.org, gazeta.uz, sputnik.kg, interfax.ru, aa.com.tr, uzreport.news сайттарынан алынған.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
4 февраля Всемирный день борьбы с раковыми заболеваниями
Цель дня – напомнить о масштабах онкологических заболеваний, важности профилактики, ранней диагностики и доступного лечения