Үздік жанармай стансасы: Qazaq Oil чемпиондары шетелге демалуға кетті

1690 просмотров
0
Ратель
Суббота, 29 Мар 2025, 13:30

Келлеровкадан келген команда Египеттегі бес жұлдызды қонақ үйде бір апта демалыспен марапатталды

Көкшетауда Qazaq Oil компаниясының жыл сайын өтетін дәстүрлі Чемпиондар лигасы байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

“Жылдың үздік жанармай құю стансасы” байқауы – жыл сайын өткізілетін, компания үшін маңызды дәстүрге айналған. Бұл байқау жанармай құю стансаларында жұмыс істейтін барлық қызметкерлерді біріктіріп, жоғары деңгейде қызмет көрсету мүмкіндігімен бірге құнды марапаттарға ие болу мүмкіндігін береді.

Байқау барысында барлық қатысушылар сатылымдары, тиімділігі мен көлемдеріне байланысты 4 лигаға бөлінді – А, В, С, D лигалары, бұл қала мен ауыл станциялары үшін тең жағдай жасауға мүмкіндік береді. Байқау – қызмет көрсету жылдамдығы, жұмыс тиімділігі және қызметкерлердің сыпайылығы сияқты критерийлер бойынша бағаланды. Сонымен қатар, “жасырын клиент” тексерулері де қызмет деңгейін бағалау үшін маңызды болды.

Биыл қатарынан екінші жыл Т-052 станциясы жеңіске жетіп, компанияның Үздік жанармай құю стансасы атағына ие болды. Келлеровкадағы бұл станцияда 13 адам жұмыс істейді екен, олар түгел тайлы-тұяғымен Египетке демалуға аттанады.

Qazaq Oil компаниясының HR директоры Анвар БЕКНАЗАРОВ жеңімпаздарды құттықтап, олардың бұл жетістігі – қажырлы еңбек, бірлік және мінсіз қызмет көрсетуге деген ұмтылыстың нәтижесі екенін атап өтті.

“Біз үшін әр қызметкеріміздің үлкен команданың бөлшегі екенін сезініп, өзі қосып жатқан үлесінің лайықты бағаланатынын көргені маңызды. Чемпиондар лигасы – бұл әділ бәсеке, мұнда ең күштілер жеңеді, және біз еңбектеріңізді лайықты марапаттармен бағалай аламыз”, - деді ол. Сонымен қатар, ол жаңа байқау басталғанын және барлық жанармай құю стансалары өз нәтижелерін жетілдіруге бағытталған жұмыстарын жалғастыра алатынын айтты.

Qazaq Oil компаниясының Ақмола және Қостанай облыстары бойынша филиалы директоры Қайсар АБРАХМАНОВ Т-052 станциясының жеңісі команда жұмысының нәтижесі екенін және станцияның мұнай өнімдері мен тауар сатылымы, чектер мен конверсия көрсеткіштері бойынша көшбасшы болуына мүмкіндік бергенін атап өтті. Сонымен қатар, мұнда инновациялық технологиялар белсенді түрде енгізілуде – қызметкерлердің жұмысын талдау үшін жасанды интеллект пайдаланылады. Касса зонасында сөздік аналитика датчиктері орнатылып, қызмет көрсету сапасын бақылап, клиенттердің сенімін арттыруға мүмкіндік берілген.

Т-052 станциясының менеджері Людмила ВЕРЧИНСКАЯ команда жетістіктерінің құпиясымен бөлісті: “Біз жеңісімізбен мақтанамыз және күн сайын жетіле түсуге ұмтыламыз. Біздің басты мақсатымыз – тұрақтылық, бірлік және әр клиентке ерекше назар бөлу. Биыл біз Қатарда болдық, енді бізді Египет күтіп тұр!” деп мәлімдеді.

Бас жүлде – Египеттегі бес жұлдызды қонақ үйде бір апта демалу. Бұл – A лигасының үздік қызметкерлері үшін ерекше сый болды. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының жеңімпаздары ақшалай сыйақылар, тұрмыстық техника сатып алуға сертификаттар және басқа туристік жолдамалармен марапатталды.

“Біз үшін клиенттерді сапалы отынмен қамтамасыз етіп, жоғары деңгейде қызмет көрсету ғана емес, сондай-ақ күшті әрі ынталы ұжым құру өте маңызды. Чемпиондар лигасы – бұл жай ғана бәсеке емес, желі аясындағы ең үздіктерді табу. Біз жеңімпаздарымызбен мақтанамыз және олардың еңбегі мен адалдығы лайықты марапаттарға ие екенін қуанышпен айта аламыз”, - деді Qazaq Oil компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Анель ЕЛІКБАЕВА.

Qazaq Oil биыл да чемпиондарын марапаттау дәстүрін жалғастырады. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жаңа финалистер анықталып, олар жылдың соңына дейін жанармай құю желісі ішіндегі үздік команда атағы үшін бәсекелесетін болады.

Компания жыл сайын қызмет көрсету сапасы, деңгейі мен тауар ассортиментінің жақсаратынына және қызметкерлердің одан әрі жетілуге ұмтылатынына сенімді. Себебі Qazaq Oil Чемпиондар лигасы сияқты байқаулар командаларды жоғары стандарттарға жетуге ынталандырып қана қоймай, қызметкерлер арасында бәсекелестік рухын сақтауға көмектеседі, бұл өз кезегінде клиенттердің сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Фото: Qazaq Oil. 

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Невидимое братство независимой страны
Интервью с Великим Мастером Великой Ложи Казахстана Айдаром Алпысбаевым ко Дню Независимости
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером