Қызылордада психикалық ауытқуы бар адамдар саны артты

1700 просмотров
0
Ратель
Четверг, 24 Апр 2025, 14:00

Елімізде психикалық мінез-құлқы бұзылған 204 408 адам бар

Биыл 3 айда Қызылорда облысында ақыл-есінде ауытқуы бар адамдар саны өткен жылғыдан 7,8%-ға көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық психикалық денсаулық орталығының мәліметіне сүйенсек, диспансерлік есепте тұрғандардың 56,9% – ер адамдар, 43,1% – әйел адамдар, 13,8% – балалар.

Читайте также
Қызылорда облысынан халық қашып жатыр

Диагнозы бойынша жіктесек, органикалық психикалық ақаулар, ақыл-естің кемістігі мен психологиялық дамудың тежелуі жиі кездеседі.

Мамандар психиканың бұзылуына негізінен депрессия, мазасыздық, биополярлық бұзылыс және есірткі тұтыну сияқты жағдайлар әкеп соғатынын айтып отыр.

- Бұдан адамда өз-өзіне қол жұмсау туралы ой пайда болуы мүмкін. Біз балалар мен жасөспірімдерді суицидке итермелейтін себептерді анықтап көрдік. Талдау нәтижесінде оның 30%-ы физикалық және психикалық зорлық-зомбылық кесірінен, 29,2%-ы ата-анасы түсіністік танытпағаннан және қолдау көрсетпегеннен, 28,3%-ы достарының немқұрайлы қарым-қатынасынан болатынына көз жеткіздік. Сауалнамаға қатысушылардың төрттен бірінен астамы, яғни 27,3%-ы компьютер мен интернетке тәуелділікті басты мәселе ретінде көреді, - деді орталық директоры Кенжеалы ТІЛЕУЛИЕВ. 

Ақыл-есі бұзылған адамдардың ішінде ауруынан айығуына байланысты диспансерлік бақылаудан шығарылғаны – 2,6%. 

Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 12 ақпандағы есебінше, елімізде динамикалық бақылауда тұрған психоактивті заттарды қолданбайтын психикалық мінез-құлқы бұзылған (ауытқуы бар) 204 408 адам бар. 

Фото: Freepik.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Алматы обсудили развитие потенциала молодых ученых