Қызылорда-Астана пойызында босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып жіберді

2153 просмотров
0
Ратель
Вторник, 22 Апр 2025, 18:00

Баланың денесі табылды

Қызылорда-Астана бағытындағы пойызда әйел өз күшімен босанып, туған сәбиін терезеден лақтырып жіберген. Жолаушылар қансыраған әйелді көріп, жағдайды анықтады, деп жазады shyn-ar.kz.

Пойыз елордаға 20 сәуірде таңғы 5-те келуі керек болған.

Читайте также
Алматыда демалыс күндері 28 мас жүргізуші ұсталды

Куәгерлердің айтуынша, Қарағанды станциясынан өткеннен кейін пойыз жолсерігі санитарлық аймақтан (дәретхана) қан іздерін көрген. Сосын еденді жуа бастаған.

Ол сондай-ақ дәретхана ішінде қанның ізі көп болғанын және бұл жолаушыларды алаңдатып жатқанын айтқан.

Мұны естіген пойыз ішіндегі қыздардың бірі не болғанын анықтау үшін дәретханадан купенің біріне дейін созылған қан ізімен жүреді. Солай купе ішінде көрпеге оранып жатқан әйелді көреді. Көрпені тартқан кезде куәгер төсектің бәрі қан екенін көреді.

Кейін болған жайтты сұрай бастайды. Әйел пойызда өздігінен босанған болып шықты. Ең қорқыныштысы, ол босанған соң баланы тікелей пойыз вагонының терезесінен лақтырып жіберген.

Дереккөздерге сәйкес, баланың денесі табылды. Өкінішке қарай, нәресте көз жұмған.

Көліктегі полиция департаменті осы факт бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның шеңберінде тиісті процестік шешімдер қабылданады. Болған оқиғаның мән-жайы белгіленеді.

Фото: Baigenews.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Нападение и грабеж в продуктовом магазине раскрыто в Алматы