Қытайдан келгендер көп – Қазақстандағы еңбек мигранттарының саны жарияланды

2368 просмотров
0
Ратель
Среда, 19 Мая 2021, 12:00

15 443 шетел азаматы республикада жұмыс істеуге жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда жұмыс жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарының санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Читайте также
Қазақстанда стипендияны төлеу тетігі өзгерді

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде республика бойынша 15 443 шетел азаматы жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алған. Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде нақты санаттар да белгіленген. Олар:

  • басшылар және олардың орынбасарлары (I санат) – 650 адам;
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары (II санат) – 3 246 адам;
  • мамандар (III санат) - 7 511 адам;
  • білікті жұмысшылар (IV санат) – 488 адам.

Бұдан бөлек, Қазақстанда маусымдық жұмыстарға 1 723 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 825 шетел азаматы келген. Бүгінде республика бойынша шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 718 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 478 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл – жалпы жұмысшылардың 96 проценті.

Министрлік еңбекші мигранттардың нақты қай елден көп келетінін де жариялады. Атап айтқанда:

  1. Қытай – 3 656 адам;
  2. Өзбекстан – 1 741 адам;
  3. Түркия – 1 588 адам;
  4. Үндістан – 1 090 адам;
  5. Ұлыбритания – 930 адам.

Айта  кетейік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын шетелдік мамандарды тартуға арналған квотаның мөлшерін белгілейді. 2021 жылда квота 29,3 мың бірлікті құрады.

Фото: Guang Niu/Getty Images.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Страховые компании в Казахстане будут работать по новым законам