![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2025/February/07/3bdb09ff4f5bf80fc4913bcbc9bb87bf881b6928.jpg)
Париждегі Олимпиада ойындарынан кейін Тоқаев спорт министрлігін легионерлер үшін қатаң сынаған болатын
Қытайдың Харбин қаласында басталған қысқы Азия ойындарына Қазақстан намысын қорғауға экс-ресейлік алты спортшы кеткен, деп жазады 1bol.kz.
Есте болса, былтыр Париж Олимпиадасына да Қазақстан атынан 10-нан астам легионер қатысып, бәрі жеңіліп қалған болатын. Мұнан кейін президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ өзі спорт министрлігін қатаң сынағанымен, Ербол МЫРЗАБОСЫНОВ басқаратын ведомство бұдан сабақ алмаған секілді.
Sportarena.kz сайтының мәліметінше, Харбинге аттанған легионерлер:
- Александра СКОРОХОДОВА, таушаңғысы - Ресей.
- Кристина СИЛАЕВА, конькимен сырғанау – Ресей.
- Софья САМОДЕЛКИНА, мәнерлеп сырғанау - Ресей.
- Бойсангур ДАТИЕВ, мәнерлеп сырғанау - Ресей.
- Эдуард МИХАЙЛОВ, хоккей – Ресей.
- Вячеслав КОЛЕСНИКОВ, хоккей – Ресей.
Жалпы Азия ойындарында ел намысын 137 спортшы қорғайды.
“Сары құрлық” бәсекесі 7-14 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында өтеді.
Фото: olympic.kz.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!