Қырғыз киносы қазақтардың төбе шашын тік тұрғызды

1916 просмотров
0
Ратель
Среда, 26 Фев 2025, 14:00

Соңғы екі аптада фильм прокаттан 120 млн теңге табыс тапты

Читайте также
Қазақтар ақырындап Қазақстаннан қашып жатыр

Жақында қырғыз режиссерлері түсірген “46 түн” атты фильм Қазақстан кинотеатрларына шығып, қоғамда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kursiv.media.

Фильмде 90-жылдары Қырғызстанда некрофилдік қылмыстар жасаған Михаил ЛУКЬЯНОВТЫҢ оқиғасы баяндалады. Ол 28 жыл бойы әйелдердің қабірін қазып, өліктерді зорлаған.

Фильмнің негізгі сюжеті осы жан түршігерлік оқиғаға негізделген. Көрермендерді шошытқаны – фильмдегі шынайы актерлік ойын ғана емес, сондай-ақ оның қазақша дыбысталып, отандық аудиторияға арнайы бейімделгені.

Мұндай фильмдерге жол берілуі керек пе?

Қазақ журналисі Ақбөпе ТӘҢІРБЕРГЕННІҢ пікірінше, фильмнің кинотеатрларға шығуы – қоғамдағы психологиялық ауытқушылықтары бар адамдарды одан әрі ынталандыруы мүмкін. Ол фильмді көріп, оны өнер туындысы ретінде қабылдай алмағанын, керісінше, жабайылық пен тұрпайылықты насихаттайтын дүние ретінде бағалағанын айтады.

“46 түн” фильмінің мазмұны қандай?

Фильм қоғамдық мораль мен адамгершілік құндылықтарынан мүлде алшақ. Сюжетте Михаил есімді кейіпкер қабірлерді қазып, мәйіттерді зорлайды. Тіпті фильмнің басталуы-ақ өз әйелінің өлігін қорлаудан басталады. Мұндай шок-контентті үлкен экранда көрсету қаншалықты орынды?

Читайте также
Қазақтың өлгенінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ

Мұндай фильмнің мақсаты не?

Фильмнің режиссерлері көркем туынды жасауды көздеді ме, әлде қоғамды дүр сілкіндіруді басты мақсат етті ме? Бәлкім, олар шынайы оқиғаларға негізделген деректі драмалар түсіру арқылы қоғамдағы қылмыстық сананы зерттеуді немесе адамның шектен шығу деңгейін көрсетуді мақсат еткен шығар.

Дегенмен көрермендер арасында бұл фильмнің теріс әсері басым деген пікірлер көп. Өйткені бұл тек қорқынышты оқиға ғана емес, адамзаттың ең жабайы инстинктерін ашық көрсететін, сананы улайтын дүние.

Айта кетейік, Қазақстанда бұл фильмге барып жатқандардың саны аз емес, соңғы екі аптада фильм прокаттан 120 млн теңге табыс тапты.

Фото: фильмнің постерінен.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Невидимое братство независимой страны
Интервью с Великим Мастером Великой Ложи Казахстана Айдаром Алпысбаевым ко Дню Независимости
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером