Экологиялық жобаның мақсаты – топырақтың эрозияға ұшырауына тосқауыл қою, тұз бен құмның күллі әлем бойынша таралуын тоқтатуға көмектесу
"Syr qorǵany – sekseýіl" бірегей волонтерлік жобасы наурыз айының 1-3 аралығында Қызылорда облысындағы Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіру бойынша үш күндік шара ұйымдастырмақшы.
"Syr qorǵany – sekseýіl" волонтерлік жобасы Арал теңізінің құрғаған түбіне 10 000 көшет сексеуіл отырғызу арқылы экологиялық апат аймағының бірегей экожүйесін қалпына келтіруді көздейді. Экологиялық жобаның мақсаты – топырақтың эрозияға ұшырауына тосқауыл қою, тұз бен құмның күллі әлем бойынша таралуын тоқтатуға көмектесу.
Фото: Денис Французов/livejournal.