Украинаны жақтап, Путинді даттаған шымкенттік апа сотталды

2273 просмотров
0
Данил Шемратов
Понедельник, 27 Мая 2024, 15:00

Автобус ішінде төбелескен зейнеткер әйелдердің ісі қаралды

Шымкент. 2022 жылдың наурызы. 1961 жылы туған Калима апа қаладағы №84 автобусқа мінген. Мінген де ішінде отырған зейнеткер А.ЛИПИНСКАЯ мен оның жасөспірім немересі В.МАРКОВАНЫ көрген. Сосын орын бер деген талаппен қызды күштеп тұрғызып жіберген екен. Сол себепті екі апаның арасында кикілжің туып, арты төбелеске ұласқан. Шабуылдаған апа төбелес барысында өзінің сөздерімен бұл қақтығысты халықаралық деңгейге аударған екен.

Жәбірленуші болған жағдайды өзінің ұялы телефонына видеоға түсіріп алады. Кейінірек оны әлеуметтік желіде жариялапты.

Іс сонымен тып-тыныш тынар еді. Егер автобуста болған бұл жағдайға еш қатысы жоқ тағы апа бұл видеоны көрмегенде. Шымкентте тұратын ол кісі де зейнеткер. Ол әлгі бейнероликті көріп болған соң, оны зып еткізіп ҰҚҚ-нің жергілікті департаментіне жөнелтіп жіберіпті. Комитеттің адамдары балағат сөздердің иесін тез анықтап, ҚР Қылмыстық кодексінің 174 бабымен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) іс қозғап жіберді.

Айыпталушы тергеу қапасына қамауға алынған. 2024 жылдың қаңтарында іс материалдары Шымкенттің ауданаралық қылмыстық сотының қарауына келіп түсті.

Липинскаяның соттағы жауабына сәйкес, Калима ДЖАПАРОВА бұған ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтып, ұлты орыс екенін тілге тиек етіп, жауыз деп айтыптап, күш қолданып, ұрып-соққан. Салдарынан қызы екеуі "жеңіл" дене жарақатын алған.

Бейнежазбада Калима апаның Украинаға жеңіс тілеп, орыс оккупанттарына өлім тілегені, ПУТИННІҢ дарға асылуын асыға күтетінін айтқаны жазылған және бейнежазба түсіріп тұрған адамды ұрғаны көрсетілген.

Читайте также
Кремльдің әскери коммунизмі неге әкеп соқтырады

Сот К.Джапарованың мәлімдемелерінде дұшпандық немесе жеккөрушілік қарым-қатынасты ақтау, орыс ұлтына қарсы агрессивті, зорлық-зомбылық әрекеттерін жүзеге асыру қажеттілігін ақтайтын белгілер бар деп таныды.

Сотталушы К.Джапарова аталған бейнежазбада жария еткен сөздерін жоққа шығармады, бірақ ол сөздерді жалпы орыс ұлтына қарсы емес, Украина мемлекетіне оккупациялық соғысты жүргізіп отырғандар мен Владимир Путинге арнап айтқанын жеткізді.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Джапарова К. ҚР қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сотталған К.Джапарованың "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы жойылып, ол сот залынан дереу босатылды. Джапарованың 2023 жылдың 23 қазаны мен 2024 жылдың 24 мамыры аралығында "күзетпен ұстауда" болған уақытының бір күні екі күн есебімен бас бостандығын шектеу жазасының өтелуіне жатқызылып, пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Алайда сотталған апа соттың бұл шешімімен келіспейтінін, өзінің толық ақталуы үшін әлі күресетінін жеткізді. Құқық қорғау ұйымдары Калима апаны саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізіміне қосып қойыпты.

Фото: pexels.com.

Аударған: А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай