Екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан президенті Эмомали РАХМОН жұмыс сапарымен Астанаға келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.
Фото: akorda.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ СВОИМ МНЕНИЕМ И ОБСУДИТЬ СТАТЬЮ ВЫ МОЖЕТЕ НА НАШЕМ КАНАЛЕ В TELEGRAM!