Түрікменстан президенті Тоқаевқа жылқы мен тазы сыйлады

1923 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 25 Окт 2021, 11:15

Тоқаев Қазақстан халқына құрмет көрсеткені және керемет сыйлықтары үшін алғыс айтты

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды ахалтеке арғымағын сыйлады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Читайте также
Елордада алғаш рет ҚР Төтенше жағдайлар министрінің кубогы үшін хоккейден турнир өтті

"Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды ахалтеке арғымағын сыйлады. Бұдан бөлек еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты", - деп жазды Уәли.

Түрікмен телеарнасының хабарлауынша, Қазақстан басшысына Ганатлы (Қанатты) атты ахалтеке жылқысын түрікмен халқының атынан Гурбангулы Бердімұхамедов сыйға тартты.

Содан кейін вице-премьер, ахалтеке жылқы шаруашылығы халықаралық қауымдастығының президенті және "Түрікмен алабайлары" халықаралық қауымдастығының президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстан басшысына Говхер (Алмаз) атты түрікмен тазысын сыйға тартты.

Тоқаев Қазақстан халқына құрмет көрсеткені және керемет сыйлықтары үшін алғыс айтты. Қазақстан басшысы Түрікменстан президентінің күш-жігерінің арқасында дамып келе жатқан екіжақты қарым-қатынастар екі мемлекет пен халықтардың мүдделеріне сай келетінін атап өтті.

Айта кетері, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көргені хабарланды.

Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті. Іс-шара барысында олар шабандоздардың өнерін тамашалады.
Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді деп жоспарланған.

Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.

Sputnik.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай