
Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Токиодағы алғашқы белдесуін сәтті аяқтады
Токиодағы Олимпиада ойныдарында 60 келі салмақта бақ сынап жатқан дзюдошы Елдос Сметов алғашқы айналымда түркиялық қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Токиодағы алғашқы белдесуін сәтті аяқтады. Ол түркиялық қарсыласы Михрач Аккушты айқын басымдықпен жеңді. Енді Елдос ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинмен кездеседі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, боксшылар арасынан алғаш болып ригнке шыққан Серік Теміржанов венгриялық қарсыласын сүріндірді.