Тоқаевқа өзге мемлекет басшылары қандай ерекше тарту жасады

1867 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 27 Дек 2021, 17:15

Елге басшылық еткен үш жыл ішінде Тоқаевқа түрлі жоғары лауазымды тұлғалар 115 сыйлық берген. Қазір олардың бәрі Ақордада тұр

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысына тарту етілген ерекше сыйлықтар туралы айтып берді.

Уәли "Еуразия" телеарнасының тілшісін Ақордаға шақырып, кейбір сыйлықтарды көрсетті.

Елге басшылық еткен үш жыл ішінде Тоқаевқа түрлі жоғары лауазымды тұлғалар 115 сыйлық берген. Қазір олардың бәрі Ақордада тұр, алайда алдағы уақытта музейге қойылады.

Читайте также
Иманбек жыл музыканты атанды

Биыл қыркүйекте Қазақстанға келген Башқұртстан президенті Радий Хабиров мемлекет басшысына "Сұңқар" панносын сыйлады.

Беларусь президенті Александр Лукашенко былтыр жазда Тоқаевқа 3D форматында жасалған "Алтын адам" картинасын тарту етті.

Президенттің мұрағатында Оңтүстік Корея билігі сыйлаған картина да бар. Белгілі генерал Хон Бом До бейнеленген.

Моңғолия президенті Тоқаевқа орамал мен жылы кашемир күртешесін, ал Қырғызстанның премьер-министрі "Керуен" деп аталатын мүсінді тапсырды.

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды ахалтеке арғымағы мен тазы сыйлады.

Қазір жылқы ат спорт кешенінде ұсталады, оған арнайы күтім жасалады.

"Сыйлық алған кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке жылқының жай-күйін өзі бақылап, тексеріп отыратынына уәде берді", - деді Берік Уәли.

Тағы бір ерекше сыйлық – микроавтобусты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев табыстады. Қазір машина шетелдік қонақтарды тасымалдау үшін қолданылады.

Уәли Тоқаевтың өзі біреуге галстук пен сағат сыйлағанды ұнататынын айтты.

Sputnik.

Фото: Facebook / Берік Уәли.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд