Тоқаев вакциналау паспортын өзара мойындау мәселесін екінші мәрте көтерді

2026 просмотров
0
Ратель
Пятница, 15 Окт 2021, 17:45

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының көшбасшылармен кездесу кезінде де бұл жайлы айтқан болатын

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері арасында вакциналау паспортын мойындау ісін жеделтеуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik.

Оның айтуынша, бұл өзара сенімнің маңызды қадамы.

Читайте также
Ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар маңызды шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қазақстанда отандық вакцинаны өндіру бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Сонымен қатар QazVac вакцинасының өзге елдерге гуманитарлық көмек ретінде жөнелтілгенін атап өтті.

"Күрделі кезеңде ТМД елдері бір-біріне қолдау білдіріп, ынтымақтастық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Бұл жерде Ресейдің рөлі ерекше. Біздің елдер коронавирусқа қарсы күресте жақсы тәжірибе жинақтады. Соның ішінде вакцина жасау ісінде ілгерлеу бар. Тек жалпыхалықтық иммундау ғана жағдайды тұрақтандырып, азаматтарымыздың денсаулығын қорғай алатыны анық", - деді Тоқаев ТМД елдері басшыларының онлайн кеңесінде.

Президенттің сөзінше, қазақстандық QazVac вакцинасы жоғары тиімділікті көрсетті. Тағы бір отандық препарат сынақтан өткізіліп жатыр. Үш вакцина клиникалық сынаққа дейінгі кезеңде. Сонымен қатар Қазақстан ресейлік Спутник V вакцинасын өндіреді.

"Сіздердің елдеріңіз де бұл салада белсенді жұмыс атқарып жатқаныны білемін. Қазақстан тәжірибе алмасуға, әріптестікке және вакцина жеткізуге де дайын. Сонымен қатар ТМД елдері арасында вакциналау паспортын өзара мойындау ісін жеделтеуді ұсынамын", - деді президент.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының көшбасшылармен кездесу кезінде де осы мәселені көтерген болатын.

Қазақстан 13 елдің вакцина паспортын мойындады. Олардың қатарында - Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Армения, Беларусь, Молдова, Сан-Марино, Қырғызстан, Монғолия, Таиланд, Түркия және Эстония бар.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
LRT, Халық Кеңесі, саммит ОТГ и громкие уголовные дела: главные новости недели
Ratel.kz собрал самые заметные события с 11 по 16 мая - от политических законопроектов и запуска столичного LRT до задержаний, коррупционных расследований и судебных решений
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай