Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен 5 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға келді
Қазақстан мен Өзбекстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Sputnik.
Келіссөздер барысында саяси диологты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту, мәдени-гуманитарлық алыс-берісті кеңейту мәселелері қаралады деп күтілуде.
Сонымен қатар екі ел басшысы аймақтық және халықаралық саясат мәселелері бойынша пікір алмасады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша 20-дан астам құжатқа қол қою жоспарланған.