Тоқаев Наурыз қарсаңында бірқатар адамды мемлекеттік наградамен марапаттады - тізім

2133 просмотров
0
Ратель
Пятница, 18 Мар 2022, 12:45

Олардың қатарында өндіріс, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, бизнес өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, волонтёрлер бар

Наурыз мерекесі қарсаңында президент жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды қорғауда және құтқаруда көрсеткен жеке жанқиярлығы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көрсеткен көмегі үшін еліміздің бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында өндіріс, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, бизнес өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, волонтерлер бар.

Читайте также
Үкімет автокредит бағдарламасы іске қосылатын уақытты жариялады

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жазушы Илья Жақановқа, еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа берілді.

"Отан" орденімен ақын Нұржан Светқали;

І дәрежелі "Барыс" орденімен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібекұлы, ақын Нұрлан Оразалин;

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Алматы облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов, Күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов және басқалар наградталды.

"Парасат" орденімен мәдениет, ғылым және білім қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды. Олардың қатарында Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Кәрімбек Кұрманәлиев, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы Павел Афанасьев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Берік Әбдіғалиұлы, Еділ Жаңбыршин бар.

Спортты дамыту дирекциясы пауэрлифтинг командасының жетекшісі Сергей Цырульников ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.

Читайте также
SCAT пен Qazaq Air Ақтөбеге рейстерді тоқтатты

"Құрмет" орденімен саясаттанушы Данияр Әшімбаев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Адам құқықтары үшін хартияның атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі Ернар Еділбаев, белсенді Орынбасар Сейітов, "Мир Евразии" қорының президенті Эдуард Полетаев, Шымкент қаласы Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Ғалымжан Майханов, қоғам қайраткері Дәурен Тәліпов, жыршы Арғын Бисенов, Қ.Оспанов атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Нұржан Ермағамбетов, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Есенай Еспенбетов наградталды. "Құрмет" орденіне жалпы 94 адам ие болды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен "Адырна" қорының президенті Арман Әубәкір, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз хатшысы Константин Музалевский, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Ұларбек Нұрғалым марапатталды. Осы медальмен барлығы 25 адам наградталды.

"Шапағат" медаліне 68 волонтер, меценат және басқа да азаматтар ие болды. Олардың қатарында журналист Александра Мыскина, "Үміт-Надежда" мүгедектер ұйымының төрағасы Дүйсенғали Оспанов, "Океан" ПИК жұмыскері Арлан Мүтішев, "Paybox.money" ЖШС департамент директоры Мария Чечина, Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенті Мерейбек Мағабилов, "Богатырь-Көмір" ЖШС жол машиналарын реттеуші Евгений Шарифуллин, волонтер Айгерім Досқалиева бар.

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Сбой «Яндекса» в Казахстане – вопрос может выйти на уровень Совета безопасности
В распоряжении Ratel.kz оказался документ о национальной безопасности Казахстана, предположительно адресованный Роману Скляру
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай