Іс-шара бүгін, 10 желтоқсанда бейнебайланыс форматында өтеді. Жиынға Кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшылары қатысады деп жоспарланған.
Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылайды.
Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады.