Татарстан астанасының халықаралық әуежайында президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды.
Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлінің көрікті жерлерін аралап көреді және Татарстан президентімен кездесу өткізеді.
Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан "Камаз" және "Танеко" сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады.