“Түк көрмеген туристер”: Барселона мен Венеция халқы наразылыққа шықты

1827 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 16 Июн 2025, 14:00

Еуропалықтар туризмнен шаршады

Читайте также
Қазақстандық дәрігерлер жаппай шетелге кетіп жатыр

Испания мен Италияның бірнеше қалаларында шамадан тыс көп туристерге қарсы наразылық шаралары өтті. Митингке шыққандар саяхатшылардың санын азайтуды талап етіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ге сілтеме жасап.

15 маусым күні, саяхатшылар арасында танымал Испания мен Италия қалаларында бақылаусыз туризмге қарсы демонстрациялар ұйымдастырылды.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Барселонада шамамен 600 адам қатысқан митинг кезінде халық: “Сенің демалысың – менің қайғым” деп ұрандап, “Жаппай туризм қаланы жояды” және “Олардың ашкөздігі бізді құртады” деген жазуы бар плакаттар ұстап шықты. 

Кейбір белсенділер су тапаншасымен атып, дүкендер мен қонақ үйлердің терезелеріне “Туристер, үйлеріңе қайтыңдар!” деген жазуы бар жапсырмалар жапсырған.

Reuters-тің дерегінше, халқы 1,6 миллион адамды құрайтын Барселона өткен жылы 26 миллион турист қабылдаған.

Читайте также
Қазақстан бір жылда 435,4 мың шетелдікке ЖСН берген

Венеция тұрғындары жаңа қонақ үйлерге қарсы

Туристік ағынды шектеуді талап еткен наразылықтар Оңтүстік Еуропаның басқа да қалаларында өтті. Испанияда – Малага, Пальма-де-Майорка, Сан-Себастьян, Гранада және Ибица аралында; Италияда – Генуя, Палермо, Неаполь, Милан және Венеция қалаларында. Венецияда наразылық білдірушілер 1500 туристі қабылдай алатын екі жаңа қонақ үйдің салынуына қарсы шықты.

Reuters агенттігі 2025 жылы Еуропада халықаралық сапарларға жұмсалатын шығындар 11%-ға өсіп, 838 миллиард АҚШ долларына (727 миллиард еуро) жетуі мүмкін деп болжайды. 

Франция мен Испанияда турист қабылдау рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін деген болжам бар.

Фото: Pau Venteo/AP Photo/picture alliance.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
От легенды советского здравоохранения до руин: судьба госпиталя для ветеранов в Алматы
Минздрав РК объяснил, почему не реконструируется госпиталь для инвалидов Отечественной войны
От автоспорта до звания академика: путь общественного деятеля Александра Белянова
Международная полицейская ассоциация – Япония, Испания, США и другие страны
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай