Тілеуберді Назарбаевтың Ресейге сапары туралы: бізбен келісілген жоқ

2407 просмотров
0
Ратель
Вторник, 14 Июн 2022, 17:45

Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары тікелей тұңғыш президенттің кеңсесімен және Ресей президенті әкімшілігімен келісіледі, деп түсіндірді министр

Қазақстанның вице-премьері, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге сапарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Читайте также
Что Нурсултан Назарбаев делает в Москве

Тілеуберді сыртқы істер министрлігі бұл сапарға дайындық жасамағанын атап өтті.

"Алдағы сапар жайлы сыртқы істер министрлігіне ескертудің қажеті жоқ. Бұл тікелей тұңғыш президенттің кеңсесі мен Ресей президенті әкімшілігімен келісіледі", - деді министр үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, министрлік кездесуде қандай мәселелер талқыланғанынан бейхабар.

"Ресей президентімен кездесуге тыйым салынған жоқ қой. Оның үстіне, екеуі бұрыннан келе жатқан достар", - деді Тілеуберді.

13 маусымда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Назарбаев Путинді Ресей күнімен құттықтады.

Сондай-ақ олар екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді.

Фото: Elbasy.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Нападение и грабеж в продуктовом магазине раскрыто в Алматы