![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2022/March/23/a82c69b85318aca6d3eb0601245083eefd43e1fb.jpg)
Сондай-ақ Дмитрий Попко іріктеу сайыстарының финалына шықты
Қазақстандық, әлемнің 159-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ-тағы Майами мастерс турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 372-орында тұрған 18 жастағы жапониялық Шинтаро Мочизукимен кездесті.
Тартысты өрбіген бірінші партияда М.Кукушкин тай-брейкте әбжілдік танытты - 7:6 (8:6).
Екінші сетте қазақстандық спортшы 4:2 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:2.
Сағат жарымнан сәл астам уақытқа созылған матчта М.Кукушкин 1 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.
Осылайша Михаил Майамиде 23 наурыз – 3 сәуірде өтетін негізгі турнирге жолдама алды.
Тағы бір қазақстандық, дүниежүзілік рейтингте 175-сатыдағы Дмитрий Попко іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 167-ракеткасы, америкалық Джеффри Джон Волфпен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Майами турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Дмитрий Попко іріктеу сайыстарының финалына шықты.
Фото: Cameron Spencer/Getty Images.